Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан азаматтығын алған Кенияның жеңіл атлеті АҚШ-та финалға шықты

Қазақстан азаматтығын алған Кенияның жеңіл атлеті АҚШ-та финалға шықты

Жерлестеріміз финалға шықты. Дәл қазір АҚШ төрінде жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіру бәсекесі өтті. Іріктеу кезеңіне Қазақстан азаматтағын алған қос кениялық қыз қатысқан. Оның ішінде Нора Джеруто аталған аралықты 09:01:54 бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті.

Ал Дэйзи Джепкемей финалға өте алмады. Айта кету керек, Нора тек өз тобында ғана емес, жалпы қатысушылар арасында көш бастап тұр. Енді ол 20 шілде күні финалда медальға қол созып көреді.

Шешуші сынға 42 спортшының тек 15-і ғана жолдама алды. Бұған қоса 10 мың метрге жүгіруде тағы бір қазақстандық Каролин Кипкируи ел рекордын жаңартты. Бірақ, финалға өте алмады.

Биіктікке секіруден Надежда Дубовицкая 1.93 метр нәтижесін тіркеп, финалға шықты. Ал үш қарғып секіруде қазақстандық Мария Ефремованың жолы болмады. Оның көрсеткіші 3 метр 27сантиметр.

Юджин қаласындағы әлем чемпионаты 24 шідеге дейін жалғасады.
18 шілде 2022 ж. 1 030 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 44

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 46

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930