Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері атанды

«Тобыл» футболдан Қазақстан суперкубогінің иегері атанды

«Астана-Аренада» суперкубокті өткен маусымның чемпионы қостанайлық «Тобыл» мен кубок иегері алматылық «Қайрат» өзара сарапқа салды, деп хабарлайды Almaty.tv Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бірінші болып Қазақстан чемпиондары есеп ашты. Алматылық команда қорғаушылары өздерінің айып алаңында қарсыласты шалып жығып, соның арқасында қостанайлық Серікжан Мужиков пенальти теуіп, мүлт кетпеді. 10 минуттан кейін алматылық клубтың легионері Жоао Паолоның алыстан тепкен добы қақпа торында дөп келді. Осылайша бірінші кезеңде есеп тең түсті: 1:1.

Екінші кезеңде VAR халықаралық жүйесінің тәсілі қолданылды. Бас төреші Данияр Сахи даулы жағдайда электронды жүйенің көмегіне жүгініп, «Тобыл» қақпасына қарай 11 метрлік айыппұл соққысын тағайындады. Алайда 62 минутта «Тобыл» қақпасына белгіленген пенальтиді «Қайрат» футболшысы Рикарду Алвеш нысанаға тура бағыттай алған жоқ.

Есесіне 83 минутта қостанайлық футболшы Айбар Жақсылықов жеңіс голын соғып кетті. Осылайша «Тобыл» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті. Қостанайлық клуб екінші жыл қатарынан суперкубок иегері атанды.
03 наурыз 2022 ж. 702 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 184

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 126

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031