Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді

Кәсіпқой бокс: Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді

Ертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокстан орта салмақта сынға түсетін қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды inform.kz.
Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) бұл жолы франциялық Хассан Ндам Нжикаммен (38-5, 21 КО) қолғап түйістіреді. Екі спортшы бір-бірімен алғаш рет шеберлік байқасады.
Айта кетсек, Жәнібек Әлімханұлы мен Хассан Ндам Нжикам жекпе-жегі елорда уақытымен 08:00-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Жәнібек Әлімханұлы 1993 жылы 1 сәуірде дүниеге келген. Әуесқой бокста 2013 жылы әлем және Азия чемпионы атанды. Ал 2014 жылы Азия ойындарында жеңіс тұғырынан көрінді. Кәсіпқой бокста 2016 жылдан бері сынға түсіп келеді.
Он жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Оның алтауы нокаутпен аяқталды.
20 қараша 2021 ж. 679 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031