Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірге жазалайық – Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген канадалықтың сазайын бермек

Бірге жазалайық – Әлімханұлы өзін «Боратқа» теңеген канадалықтың сазайын бермек

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0) өз жанкүйерлерін алдағы жексенбі ертерек тұрып, айқасты тамашалауға шақырды.
«Қадірлі жанкүйерлер! Бұйыртса, осы жексенбі таңертең ерте ояныңыздар! Канадалықты бірге жазалайық», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, бұған дейін канадалық боксшы Стюард Макклел (27-3-3) Instagram желісінде Жәнібекті жанкүйерлеріне таныстырып, қазақстандық қарсыласын әжуа еткен болатын. Стюард өз парақшасында жариялаған фотода Жәнібек Әлімханұлын «Борат» кейпінде көрсеткен.

Жәнібек Әлімханұлының алдағы жекпе-жегі 17 тамызда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтеді. Уақыт айырмасына байланысты Қазақстанда бұл 18 тамыз таңертеңге сәйкес келеді. Жекпе-жекті QazSport тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетсек, 13 сәуірде қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) алғашқы титулдық айқасын өткізген болатын. АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында болған жекпе-жекте ол Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұдырықтасып, жеңіске жетті. Қазақстандық боксшы орта салмақтағы WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленді.


kaz.365info.kz
15 тамыз 2019 ж. 966 0

Сталкингті тоқтат

11 ақпан 2026 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728