Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Роналду ұлттық команда үшін гол саны бойынша рекорд орнатты

Роналду ұлттық команда үшін гол саны бойынша рекорд орнатты

Роналду Португалия құрамасы үшін 110-шы гол салып, Иран құрамасының экс-форварды Али Даеи нәтижесінен асып түсті.
Шабуылдаушы Криштиану Роналду Португалия құрамасы үшін өз карьерасындағы 110-шы гол соғып, ұлттық команда үшін қақпаға кірген доп саны бойынша жаңа әлем рекордын орнатты, деп хабарлайды РИА Новости.
Сәрсенбіде португалиялық спортшы Фаруда өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Ирландия командасына қарсы ойынның 89-шы минутында гол салды.
Роналду 2007 жылы карьерасын аяқтаған Иран құрамасының экс-форварды Али Даеидің нәтижесінен асып түсті.
Ойын барысында келеңсіз жағдай болды – Роналду пенальти орындау барысында қарсылас команданың ойыншысын бетінен ұрды.
"Еуро-Футбол" басылымы жазғандай, доп он бір метр қашықтықтан тебу нүктесіне орналастырылған сәтте Дара О'Ши допты теуіп жіберді. Футболшының бұл қылығы Роналдудың ашуын келтіріп, ол Дараны бетінен ұрған. Қарсылас команда өкілі соққы алған соң, басын ұстап жерге отыра кетті. Ал төреші бұл әрекетке қатысты еш шешім шығарған жоқ. Криштиану Роналду пенальти орындай алмады.
02 қыркүйек 2021 ж. 779 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Қытайда екі миллиардтан астам вакцина салынды