Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Украиналық боксшы Головкин мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

Украиналық боксшы Головкин мен Альваресті жекпе-жекке шақырды

       Украиналық боксшы Сергей Деревянченко чемпион титулын жеңіп алу үшін кез келген спортшымен жұдырықтасуға әзір екенін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.
    Украиналық боксшы чемпион титулына қол жеткізу үшін кез келген спортшымен жұдырықтасуға әзір. Сергей Деревянченко Уайлдер – Ортис шоуы аясында өткен бокс кешінде Дашон Джонсонды жеңді. Енді ол Головкин, Альварес және Чарло сынды спортшылармен жұдырықтасқысы келетінін айтты.
    «Мен Головкин, Альварес, тіпті Чарломен шаршы алаңда кездесуге дайынмын. Барлық орта салмақтағы боксшылармен жұдырықтаса аламын. Қарсыласымның кім болатыны маған маңызды емес. Тек чемпион титулы үшін жұдырықтассақ болғаны. Чемпион титулын жеңіп алу үшін барымды беруге әзірмін. Мықтылармен кездесуден қашпаймын. Маңызды кездесулерді күтуден жалықтым», - дейді Деревянченко

Baq.kz
11 наурыз 2018 ж. 1 832 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930