Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суреті пайда болды

Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суреті пайда болды

Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі әйгілі баскетболшы Коби Брайанттың тақия киіп, Қазақстан туымен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды Tengirnews.kz. 
«Жастайынан Коби өз ойынымен бүкіл әлемнің адамдарын шабыттандыра білді. Суретте – жас Коби Брайант қазақстандық ойыншылармен бірге. @timurnesbitt суретті ұсынғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!», – делінген суреттің сипаттамасында.

Еске салайық, әлемге әйгілі америкалық баскетболшы 41 жастағы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды. Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған. Әкесі мен қызы жаттығуға бара жатқан екен. Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. Тікұшақта жалпы 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан. Джианна Марияның қазасын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти растады. Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол «Лос-Анджелес Лейкерс» командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 
НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

02 ақпан 2020 ж. 1 722 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031