"Манчестер Юнайтед" ойыншылары Қазақстанға ұшып келді

Тізімдегі он ойыншы үшін алдағы ойын негізгі команда үшін бірінші болуы мүмкін екенін ескерткен жөн. Құрамындағы ең танымал – Англия командасында тәжірибесі бар қорғаушы Люк Шоу және хавбек Джесси Лингард болды.
"МЮ" құрамы:
Қақпашылар: Ли Грант, Матей Коварж;
Қорғаушылар: Люк Шоу, Макс Тейлор, Аксель Туанзебе, Теден Менги, Дишон Бернард, Итан Лейрд;
Жартылай қорғаушылар: Джесси Лингард, Дилан Левитт, Итан Галбрейт, Арнау Пуигмал, Джеймс Гарнер, Тахит Чонг, Эйнджел Гомес;
Шабуылшылар: Мейсон Гринвуд, Ларджи Рамазани, Д'Мани Бугале-Меллор.
L тобының бесінші туры "Астана" - "Манчестер Юнайтед" ойыны 28 қарашада өтіп, Нұр-Сұлтан уақытымен 21: 45-те басталады. Ағылшын клубы бұл матчқа дейін мерзімінен бұрын плей-оффқа жетті, ал қазақстандық клуб 1/16 финалға шығу мүмкіндігін жоғалтты.