Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдос Сметов: Шын мықты Олимпиаданың жолдамасын иемденеді

Елдос Сметов: Шын мықты Олимпиаданың жолдамасын иемденеді

Рио-де Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов prosports.kz сайтына берген сұқбатында алдағы төртжылдықтың басты додасына дайындығы туралы айтып берді.

- Жапонияның Осако қаласында өтетін Гранд-слэм турниріне қатыспау туралы шешімге келдік. Ұлттық құрама 12-14 желтоқсанда Қытайдың Циндао қаласында өтетін «Мастерс» сериясы жарысына тыңғылықты дайындалып жатыр.
-
Токиода өткен әлем чемпионатындағы нәтижеңізге көңіліңіз тола ма?

- Жүз пайызға көңілім толады десем өтірік болар. Қолымнан келгенін жасап, қоланы жеңіп алдым. Осы күнге дейін екі мәрте әлем чемпионатының (Нұр-Сұлтан 2015 – алтын, Токио 2019 – қола) жүлдесін алдым. Қазіргі таңда басты мақсат - Олимпиада ойындарында топ жару. Осал, әлсіз тұстарыммен жұмыс жасап, армандап жүрген Олимпиада алтынына жетсем деймін.

- Токиодағы Олимпиадаға дайындығыңыз қалай өтіп жатыр?

- Функционал мен физикамды дамыту бағытында ерінбей еңбектеніп жатырмын.

- Сіздің салмағыңызда Олимпиадаға Ғұсман Қырғызбаев екеуіңіз де үмітті екенсіздер... 

- Токио Олимпиадасына мен әлде Ғұсман, қайсымыз қатысатынымызды айта алмаймын. Бәрін рейтинг көрсетеді. Егер Ғұсман көш басына шықса Қазақстанның намысын сол қорғайды. Олимпиада жолдамасы мықтының қанжығасында кетеді!
14 қараша 2019 ж. 1 772 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031