Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді

Жемқорлыққа қарсы күрес күшейтілді

Жақында «Antikor Ortalygy» сервистік орталығында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлы мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы Шамұратов Нәжмәдин Шәкизадаұлы тікелей эфир өткізді.
Эфир барысында Бақытжан Мақсұтұлы 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар беріп, департаменттің инспекциямен бірлесе атқарылған жұмыстары туралы хабарлама жасады.
Нәжмәдин Шәкизадаұлы 2020 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 1532 мемлекеттік қызмет көрсеткенін баяндап және көліктік бақылау инспекциямен анықталған құқықбұзушылықтары бойынша тоқталып өтті. Атап айтқанда:
- Автомобиль көлігін бақылау бөлімі 1610 құқық бұзушылық анықтап, 51 500 000 тг айыппұл салған;
- Теміржол көлігін бақылау бөлімі 97 құқық бұзушылық анықтап, 2 500 000 тг айыппұл салған;
- Су көлігін бақылау бөлімі 52 құқық бұзушылық анықтап, 360 505 тг айыппұл салғандығын хабарлады. Ұжымда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы атқарылған жұмыстары бойынша баяндама оқыды.
Кездесу соңында көрермендер тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 ақпан 2021 ж. 4 810 0

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 126

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 138

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930