Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Иманғали Тасмағамбетов Атырау облысына гуманитарлық көмек жіберді

Атырау облысына Иманғали Тасмағамбетовтың мұрындық болуымен «Сәби» қайырымдылық қоры Ресейдің Астрахань қаласынан жедел 59 мың дәрілік препарат жеткізді, деп хабарлайды Skifnews.kz  ақпарат порталы.
Абай.кз сайтының жазуынша, бірнеше мың адамды амбулаториялық емдеуге арналған дәрі-дәрмектің жалпы құны 26 миллион 450 мың теңге.
Аталған медициналық көмекті таратуға Атырау қаласындағы Иманғали мешітінің имамы, Жылыой ауданының және Махамбет ауданының имамы бастаған ерікті жандар арнайы тізім жасап, жеткізу жұмыстарын бастап кетті. Оған қоса, осы мешіттердің ұйытқы болуымен 50 сиыр сойылып, 1400 мұқтаж жанға азық-түлік ретінде таратылған.
Атырау облысы коронавирус жұқтырғандар саны осы айда күрт өскен. Осындай сәтте соңғы қызметі Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшіліктен зейнетке шыққан Иманғали Нұрғалиұлы да елдің бір шетінен шығысып, көмек қолын созып отыр.
Оған қоса 3 жасанды тыныс алдыру (ИВЛ) аппараты бүгін жеткізілмек. Тағы да аппараттар әкелу жөнінде келіссөздер жасалған. Өңірдегі қажетті ауруханаларға беріледі.
Сондай-ақ, Иманғали Нұрғалиұлы өзге де өңірлерге Ресейден медициналық және гуманитарлық көмектерді жеткізуге көмек қолын созып жатқан көрінеді.
19 шілде 2020 ж. 1 014 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 161

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930