Үлкен іске үлес қосамыз
Қазақстан халықының асыға күтетін және байыпты бастамалардың бастауына айналған жыл сайынғы Жолдау тағы да соны серпіліс ала келді. Тұңғыш Президентіміздің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты биылғы құнды құжатының күнделікті өмірдегі алар орны айрықша. Олай дейтініміз, Мемлекет басшысы дамыған озық отыз елдің қатарына қосылу мен өркениетке жеткізер он негізгі міндетті жариялады.
Біз, адамзат қоғамды қалыптастырсақ, ал қоғам өз дәуірін жаңа бағытқа бұрып отырады. Еліміздің Тәуелсіздік туы желбірегелі ширек ғасырдан астам уақыт болды. Аз ғана уақыттың ішінде өркениетке бетбұрған жасампаз елге айналдық. Әрине, бұралаң жолдың бұдыры кездеспеді деп айта алмаймыз. Бірақ, ынтымақ пен бірлікті ұштастырып, сарабдал саясаттың жүйесін қолдану арқылы алға қадам басып келеміз.
Биылғы Жолдау еліміз үшін жағымды жаңалық және жаңа кезеңге пәрмен бермек. Елбасымыз халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын назардан тыс қалдырмай қолдауын жалғастыра береді. Еңбек нарығының тиімділігін қамтамасыз етіп, әрбір адамның өз әлеуетін іске асыра алуы үшін жағдай жасауы, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін қалыптастыру, адамдарды нәтижелі жұмысқа тартуға мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасауы сияқты міндеттердің барлығы – Президенттің ел-халық үшін жасап жатқан шынайы қамқорлығы. Әрбіріміз алдағы жүзеге асырылатын үлкен істерден қалыс қалмаудың жолдарын қарастырайық.
Қуаныш МҰХАШОВ,
Алға ауылдық округі
аппаратының маманы.