Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

Қазақстандықтарға 10 миллион теңгеге жуық сыйақы беру ұсынылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі енді жемқорлық туралы хабарлаған азаматтар көбірек ынталандырылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Агенттіктің алқа мәжілісінде таратылған мәліметке сәйкес, бүгінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабар берген адамдарды ынталандыру тетігі бар. Алдағы уақытта оны дифференциалды жүйеге ауыстыру жоспарланып отыр. Сыйақының мөлшері параның көлеміне қарай анықталады. Мәселен, 2 миллион теңгенің парасы туралы хабар берілсе, осы соманың 10 процентін сыйақы ретінде беру ұсынылды. Ал сыйақының шекті мөлшері 10 миллион теңге болады.
Агенттік төрағасы Алик Шпекбаевтың айтуынша, бұл жүйені енгізу үшін үкіметтің арнайы қаулысы қажет.
"Біз сыйақы берудің дифференциалды жүйесін енгізуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін қазір тиісті үкімет қаулысын әзірлеп жатырмыз", - деп атап өтті Шпекбаев.
Оның мәліметінше, соңғы бес жылда жемқорлық үшін жауапқа тартылған адамдардың басым бөлігі - 75 проценті мемлекеттік қызметте орташа және төменгі лауазымда жұмыс істейтіндер. Бұл маңызды бір мәселенің көрінісі болса керек. Бүгінде осы топтағы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен. Сол себепті олар пара алып, жемқорлыққа әуестенеді. Дамыған мемлекеттер бұл мәселені жалақыны көтеру жолымен шешкен.
"Осы орайда халық арасында тарап кеткен "басшылар параны ашкөздіктен, ал қарапайым мамандар қажеттілік пен басқа жол болмағаннан алады" деген сөзбен келісуге болады", - дейді Алик Шпекбаев.






01 қараша 2019 ж. 1 446 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 155

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 122

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 114

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031