Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұрпаққа жасалған мүмкіндік

Ұрпаққа жасалған мүмкіндік

Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.
«Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық ғана жеңіске жетеді» делінген Елбасының Қазақстан халқына арналған Жолдауында. Кез келген төңкерістен ұтатын тұсымыз да, ұтылатын тұсымыз да болатыны сияқты, төртінші революцияның еңбек нарығымен қатар, өмір сүру салтын түбегейлі өзгертетініне дайын болу – біздің міндет.
Елбасы еңбек өнімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу сияқты міндеттерді алға қойды.
Жаңа дәуірде мектеп жасынан үш тілде білім беріп, пәннің өзін ағылшын тілінде оқыту – болашақ ұрпаққа жасалған үлкен мүмкіндік. Бұл – алдағы жақсы өмірге салынған үлкен инвестиция. Төртінші революциямен «Математика – ғылымдар атасы» делінген сөздің де дәуірі қайта оралды. Жаппай жаһандану кезеңінде математикалық білімі бар мамандар сұранысқа ие болып қана қоймай, еліміздің жаңа бағдарын жасайтын болады.
Асылбек ҚАНАЛИЕВ,
№88 мектеп директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары.
03 ақпан 2018 ж. 992 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930