Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Әнді плюспен айтқан соң бәрібір ғой": Микрофонды теріс ұстап алған әйел жұртты күлкіге қарық қылды

"Әнді плюспен айтқан соң бәрібір ғой": Микрофонды теріс ұстап алған әйел жұртты күлкіге қарық қылды

Тележүргізуші Мақсат Толықбай әншілерге мазақтай отырып ескерту жасады.

Журналист әлеуметтік желідегі парақшасында микрофонды теріс ұстап ән айтқан келіншектің суретін жүктеп, жұртты күлкіге қарық қылды. Әзілдің астарына үлкен ақиқаттың тұрғанын да жасырмады ол. Бұл халықты алдап, плюспен өнер көрсетіп, нәпақасын солай тауып жүргендерге әзілді ескерту болғандай.

«Әншілер, тойға барғанда байқаңдар! Бірақ, микрофонды теріс ұстадың не, әнді плюспен айтқан соң бәрібір емес пе, иә?» - деп әзілдеді Мақсат Толықбай.

Мақсат Толықбайдың жазбасын көрген жұрт, шынымен де өнер иелерінің сол қылығына көз жұма қарайтынын жасырмады. Тіпті бірі жұлдыздардың өнер өтірік деп ашуға булықты.

«Өнері өтірік, алдамшы болғасын, ақшалары арам болғасын, осылай халық алдында масқара болады. Бірақ беті қалыңдар еш ұялмайды. Фонограммамен өлең айтса, той иелері соларға сувенирный ақша төлеу керек. Сол кезде дұрыс болар еді», - деп ашынды желі қолданушыларының бірі.
08 мамыр 2019 ж. 2 529 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 156

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 158

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031