Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ қанжармен неге ет турамаған?

Қазақ қанжармен неге ет турамаған?

Сабы алтыннан не күмістен құйылған қанжар байлық пен баршылықты білдірсе, мүйіз бен сүйектен жасалған қанжар - ерліктің белгісі.

Қанжар – ұшы өткір, қысқа сапты қару. Оны болаттан соғып жасайды. Сондықтан өткір әрі мықты болады. Қанжар пышаққа қарағанда қалың.

Қазақ қанжармен ешқашан ет, нан сияқты тағамдарды кесіп, турамаған. Егер дастархан басында біреудің осындай әрекетін байқаса, оны әлдекімге немесе бүкіл елге сес көрсетіп, тіс қайрап жүр деп түсінген. Сондықтан қазақ халқында дастархан басында қанжарды көрсету әбестік саналған.

Егер білмей істесе, айыпты адам дүйім жұрттың алдында кешірім сұрап, айыбын сыйлықпен өтеген.  Қанжардың міндетті түрде қыны болады. Оны қынсыз ұстаған жігіттің берекесі қашып, жақын досынан не сүйіктісінен айырылады деген сенім қалыптасқан. “Қанжарын қынсыз ұстап жүр екен, қанжарының қынын жоғалтыпты” деген сөздер осыдан қалса керек.

VI-XII ғасырларда Қашқар, Баласағұн, Шаш, Отырар сияқты қалаларда қанжар көп жасалған. Қазір олардың кейбірі өзге елдердің музейінде тұр. Қарудың бұл түрін басқа халықтардан да кездестіруге болады.

Қазақ хандығы тұсында жауынгерлер қанжарды қару ретінде пайдаланды. Өткір әрі мықты болғандықтан кез келген жауынгердің белінде не қонышында міндетті түрде қанжар жүрген. Қанжарды тапсырыспен арнайы жасатқан. Сондықтан оның түрі мен пішіні, сапасы әртүрлі болады.



01 ақпан 2019 ж. 2 375 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 100

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 95

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 96

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 88

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 166

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930