Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанадағы гипермаркеттердің біріндегі торттан құрт шықты

Астанадағы гипермаркеттердің біріндегі торттан құрт шықты

Астана қаласындағы гипермаркеттердің бірінде болған жағдайды танымал блогер, экс-депутат Тәңірберген Бердоңғаров әлеуметтік желідегі жеке парақшасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Бұл әдемі торттың ішін жақыннан қарасаңыз – құрт жатыр. Жыбырлап-жыбырлап өліп қалыпты», - деді ол бейнероликте.
Гипермаркеттегілер айтқандай, торт партиясы 17 ақпанда жеткізуші «Мир ТорТини» ЖШС-дан алынған. Орын алған келеңсіздіктен кейін оларды гипермаркет сөресінен алып тастаған.
«Біз жеткізуші «Мир ТорТини» ЖШС-дан 17 ақпан күні алған торттарды сол күні сөрелерге қойдық. Сатып алушылардың ескертуінен кейін оларды сөреден алып, Акт толтырып, жеткізушіге наразылығымызды жаздық. Енді олардан ресми түрдегі жауап күтіп отырмыз. Бұл орын алған жағдайға өкінеміз және сатып алған заттар тұтынушылардың көңілін қалдырмас үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп пікір білдірді Magnum-дегі мамандар.
Бұл дүкендердегі азық-түліктерге қатысты орын алып тұрған алғашқы жағдай емес. Бұған дейін тұтынушылар гипермаркеттегі таразыдан жеп қалуға қатысты шағым жасаған болатын. Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті айтқан ақпарат бойынша, қазақстандықтар дүкендердегі бұзылған азық-түліктерді дайындау мен сатуға қатысты жиі шағымданады.

20 ақпан 2018 ж. 2 211 0

Таңғажайып түн

19 мамыр 2025 ж. 55

Таңғаларлық операция

18 мамыр 2025 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031