Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елес кемелер естелігі

Елес кемелер естелігі

Көк теңіздің үстінде жүрген кемелер үшін ең қауіпті дүниенің бірі сағым көру. Яғни жоғалған, аты аңызға айналған елес-кемелерді көру екені анық. Оны көрген теңізшінің өмір-бақи жолы болмайды немесе ажал ауылына бір табан жақын деген наным-сенім бар. Көбіне фильмнен көріп, кейіпкермен бірге алапат толқынмен арпалысып отыратын көрермен жұртшылыққа шын өмірде өлімге зәкір тастаған кемелер жайлы айтамыз. Экипаж мүшелері апатты жағдайда және түсініксіз себептен ашық теңізде қалдырып кеткен атақты кемелер туралы деректерді ұсынамыз

«Мария Целеста»

Аңыздағы жағалауға енді қайтіп келмейтін «Ұшқыш голландтықтан» кейінгі ең атақты кеменің бірі. Ерекше тұсы бұл кеме кітап ішінде емес шын өмірде теңіз төсінде жүзген екен. Алғашқы аты «Амазонка» деп аталған теңіз тұлпары батыс жарты шарда әйгілі болған. Кеме капитаны бірнеше рет өзгерген. Ең бірінші иесі алғашқы сапарында-ақ ажал құшқан. Одан кейін оны американдық бизнесмен сатып алады. «Амазонка» деген есімнен бас тартып, жолы ашылуы үшін «Мария Целеста» деп жаңартқан да осы жаңа иесі екен. 1872 жылы Нью-Йорктан Генуяға жүк артынып жүзген аталмыш кемені «Деи Гарция» атанған кеме тауып алады. Табылған уақытында кеме бортында тірі жан болмаған. Экипаж мүшелерінің тұтынған заттары мен жеке дүние-мүлкі өз орнында сақталған. Және кеме капитанының каютасында әйелінің қымбат әшекейі салынған қорап пен толық бітпеген тігулі күйіндегі киімі қалған.
Мұнша қыруар дүниені тастап кетуге не себеп болғаны белгісіз. Бірақ адамдармен қоса қосалқы қайықтардың біреуі із-түссіз ғайып болыпты.

«Октавиус»

Ежелгі елес кемелердің бірі. «Октавиустың» ойран болуы өзгеше орын алған. 1762 жылы экипаж мүшелері мұз құрсанып, үсіп өлген. Борт журналында соңғы дата ретінде осы жыл тіркелсе де, кеме көк теңіздің үстінде өлі денелермен бірге 13 жыл бойына жүйткіп жүрген.
Капитан Қытайдан Англияға апаратын ұзақ жолды қиып өтпек болған. Сөйтіп ол Солтүстік Мұзды мұхитына түседі. Нәтижесінде кемені жан-жағынан мұзды таулар қоршап, жүзуге мұрша бермеген.

«Леди Ловибонд»

Деректер бойынша кеме капитаны Саймон Рид теңіз наным-сеніміне қарсы шығып, бортқа өзінің жас әйелін ертіп алған. Оқиға әрі қарай екі бағытта өрбиді.
Бірінде капитанның көмекшісі мисис Ридке құпия ғашық болған себепті түнделетіп кемені құм қайраңына батыруды ойлаған. Екінші нұсқа бойынша команда мүшелері Саймонның әйелінің сұлулығына қатты қызығып, оның өзін дарға асқан. Әрі қарай үш күн бойына жын-ойнақ ұйымдастырып, жас әйелді қорлаған. Ақыр соңында кеме апатқа ұшыраған. Теңіз қағидатындағыдай бәріне әйел кінәлі болып шықты.
Елу жыл өткеннен кейін сауда кемелері апатқа ұшыраған Ледидің қалдықтарын көргенін айтып келген.

«Байчимо»

1911 жылы жабдықталған жүк кемесі Канаданың солтүстік-батысына тері тасуға пайдаланылған. 1931 жылы кезекті рейстің бірінде мұзға қамалады. Бірақ араға бір апта салып, кеменің салмағынан мұз сауыты сөгіліп, экипаж жүзуді жалғастырады.
Әйткенмен сегіз күннен кейін оқиға қайталанады. Күннің жылынуын күткен кеме командасы жағалауға тоқтайды. Ертесіне кеме өз орнында жоқ болып шығады. Кеме суға батып кетті деп ұйғарған экипаж мүшелеріне жағалау күзетшілері 60 шақырым қашықтықта Байчимоның мұз ортасында көргендігін айтады. Кемеге ие компания оны қайтып шығаруды қаламайды. Себебі жөндеуге келмейтін шұрық-тесік кеме болып қалды деп ойлайды. Бір ғажабы кеме өзі мұздан босанып, 38 жыл бойына Беринг бұғазын көк толқынға көміп, қызмет атқарған.

«Уранг Медан»

1947 жылдың маусымында «Күміс Жұлдыз» кемесінде апат дабылы шырылдайды. Бұл Малакк шығанағына жақын тұстағы «Уранг Меданнан» келіп түскен еді. Дабылмен бірге «Бәрі өлім құшты. Енді ажал кезегі маған да келеді» деген хат алған кеме дереу апат орнына барады.
Кеменің өзі аман табылғанымен экипаж мүшелері, ит-мысыққа дейін өлі күйінде жатқан. Апат сегіз сағат бұрын орын алғандығына қарамастан, өлілердің денесінде жылу сақталып тұрған. Денелерде зорлық-зомбылық белгісі болмағанымен, барлық адам қос қолын алдыға ұстаған күйі қалған. Яғни олар бірдеңеден қорғанғысы келген деген нұсқа бар.
Ашық теңіз үстінде апатпен бетпе-бет келген осындай кемелер көк теңіздің ғайып иесіне айналады. Көп жағдайда кеме бортында не жағдай орын алғаны, апаттың себебі болжам күйінде ғана қала береді. Себебі теңіздегі ажалмен жекпе-жекте тірі куәгерлердің шығуы некен-саяқ.
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
06 қаңтар 2020 ж. 1 909 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 87

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930