Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті
Маржан Арапбаева ешкім білмейтін құпиясын бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қарақатпен шай" бағдарламасына сілтеме жасап.
Танымал әншінің үш қыздың анасы екені бәрімізге белгілі. Екінші рет тұрмыс құрған оның отбасылық жағдайы қазір жақсы. Алайда, жұрт әншіге неге жарыңызға ұл туып бермейсіз деп жиі сұрақ қоятын секілді. Осыған орай Маржан Арапбаева көпшіліктен жасырған құпиясымен бөлісіп, күйеуі екеуінің ұлдары бар екенін айтты. Оған қоса, әнші екінші жарының тағдыры қаншалықты қиын болғанын жеткізді.
"Біздің ұлымыз бар. Көбісі сіз 3 қыздың анасысыз ғой, ұл бала қайдан пайда болды деп айтып жатады. Ерекеңнің бірінші некесінен, артынан ізін басып келе жатқан ұлы бар. Есімі - Даниял. 14 жаста. Бізбен бірге тұрмайды. Ерекеңнің өмірінде ауыр жағдай болған, жұбайынан айырылған", - дейді Маржан Арапбаева.
Әнші туған баласы болмаса да, Даниялды өз баласындай көретін сыңайлы. Ата-енесінің қолында өскен Даниял қазір күйеуінің ұлы емес, інісі сияқты болып кеткен. Осылайша, Маржан Арапбаева ағынан жарылып, ішіндегіні жайып салды.
"Сол сәтте Ерекең де өмір мен өлімнің арасында жансақтау бөлімінде жатқан кезде, баланы ата-анасы алып, кішкентай кезінен тәрбиеледі. Немере емес, ұлдары сияқты. Сол себепті, Даниял Ерболдың ата-анасымен бірге тұрады", - дейді Маржан Арапбаева.