Қажылыққа барған 2000-ға жуық қазақстандыққа медициналық көмек көрсетілді
Қажылыққа барған 2000-ға жуық қазақстандыққа медициналық көмек көрсетілді
Бұл туралы ҚМДБ ресми сайты мәлімдейді.
Олардың айтуынша, Қазақстаннан қажылық сапарға келген 3200 адамның денсаулық жағдайына бақылау жасап, дәрігерлік көмек көрсетуге миссия құрамындағы үш дәрігер және 18 фирманың өз мамандары жұмылдырылған.
Осы күнге дейін 1744 қажы дәрігерлік көмекке жүгінген. Оның басым бөлігі жедел респираторлық вирусты инфекциямен келгендер. Бірашамасы асқазан ішек жолдары ауруларымен шағымданса, оның қатырнда созылмалы ауруларының өршу қаупі кездескен. Сондай-ақ тірек қимыл аппараты бұзылысы мен аяқтың әр түрлі қажалулары, жүрек қантамыр жүйесі аурулары, артериалды қан қысымның жоғарылауы, қант диабеті, бронх демікпес жедел аппендецит, жеңіл дәрежеде бас ми жарақаты тіркелген. Барлығына белгілі дәрежеде дәрігерлік көмек көрсетіліп, ем тағайындалған.
Науқастардың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық. Дәрі дәрмектер жеткілікті.