Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Студенттің өмірі үшін жүздеген алматылық қан тапсыруға келді

Студенттің өмірі үшін жүздеген алматылық қан тапсыруға келді

Күннің ыстығына қарамай, жүздеген студент өлмі алдында жатқан студент үшін қан тапсырды.

Медициналық оқу орнында білім алатын Асылбек есімді жігітті мас жүргізуші қағып кеткен. Студент өте ауыр жағдайда №4 қалалық ауруханада жатыр.

Қан көп жоғалтқандықтан оған қан қажет болған. Сол кезде оқу орны қан тапсыратын адам іздеген. Жас жігіттің өмірін сақтап қалуға дәрігер студенттер ғана емес, басқа да оқу орындардың студенттері мен қала тұрғындары көптеп келген. 

"Біздің стдентіміз үшін қан тапсыруға келген барлық мейрімді жандарға алғыс білдіреміз. Бүгін қан тапсыру орталығына алматылық студенттер көп келді. Адамгершілік танытып жатқандарыңыз үшін көп рақмет! Асылбек тезірек сауығып ортамызға қосылса екен дейміз», - дейді ҚазҰМУ-нің баспасөз қызметі.

20 жастағы Асылбек Жұмабаев аталған университеттің екінші курсында оқиды. Ол курьер болып жұмыс істеп жүргенде жол-көлік оқиғасына түсіп, қатты соққыдан ауруханаға түскен.

ЖОО-ның баспасөз қызметінің мәліметінше, студенттің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр, қан тапсыру жұмыстары арқылы дәрігерлер оның гемоглобинін көтере білген. 

Қазір №4 қалалық аурухананың дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр.

03 шілде 2019 ж. 1 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30