2019 жылдың маусым айына арналған жұлдыз жорамал
Жаздың алғашқы айы барлық жұлдыз белгілеріне көптеген тосынсыйлар сыйлайды. Жұлдызнама 2019 жылдың маусым айында алға қойған мақсатқа жету және қиындықтарды айналып өту үшін қандай сәттерге назар аудару керектігін айтып береді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Тоқты
Алда келе жатқан ай тоқтыларда көптеген жағымсыз жағдайлармен байланысты болады. Бұл айда еркіңізден тыс алауыздықтар мен өмірлік қиындықтардың арасында жүретін боласыз. Және, әрине, нәтижесі сізді қуанта қоймас. Бірақ, қиын сәтте сізге көмегін ұсынып, дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін шынайы достарыңыз бен жақын туыстарыңыз бар екенін ұмытпаңыз.
Бұл кезең отбасылық қатынастарды орнатуға және нығайтуға жақсы уақыт болмақ. Жақын адамдарыңыздан ештеңені жасыруға тырыспаңыз. Мәселені бірлесіп талқылап шешкендеріңіз дұрыс. Себебі, маусым айының алғашқы аптасы көптеген адамдар арасында қиындықтардың туындауына әкеледі.
Сіз өзіңізді жалғыз сенуіңіз мүмкін. Ал, сізге бей-жай қарамайтын адамдардың қамқорлығы жағдайды одан әрі нашарлатып, сізді ашуландырады. Жағдайды мұқият бағалауға және эмоцияны басқаруға тырыспаңыз. Өйткені, жанжалдардың ушығуы үлкен шығындарға әкелуі мүмкін. Бірақ, қателікті мойындауға қорықпаңыз, себебі ол үшін ешқашан кеш болмайды.
Бұл ай қаржылық мәселелерді шешуге аса қолайлы емес. Жақсы пайда табуға уәде берсе де, келісімдер мен жоспарланған нәрсеге ақша жұмсамай қоя тұрыңыз. Не десе де нәтижесі көңіліңізді түсіруі әбден мүмкін. Сондықтан, ақша мәселесін айдың соңына қалдырыңыз. Сонда сәттіліктің сіздің жағыңызда екенін көресіз.
Торпақ
Торпақтар жаздың бірінші айында Венераның қорғауында болады. Яғни, романтикалық оқиғалар өміріңізде кездесетін барлық қиындықтарды елемеуге көмектеседі. Сүйікті адамдарыңыз бұл күндерді ғажап және ұмытылмастай етеді.
Маусым айында барлық күш-жігеріңізді жинап, барынша тыныштық сақтағаныңыз жөн. Өйткені, маусым үй шаруасындағы мәселелерді шешумен өтеді. Жақындарыңыз сіздің назарыңыз бен көмегіңізге мұқтаж болады.
Егіздер
Маусым айының басы жұмыста ұзақ уақыт бойы шеше алмай жүрген нәрсені шешуге қолайлы болмақ. Бірақ, шектен шығып кетпеңіз.
Сондай-ақ, бұл уақыт қателіктермен жұмыс жасауға қолайлы уақыт болмақ. Өмірге шынайы көзбен қараңыз. Көптеген адамдар көптеген нәрселер секілді ерекше қатынасқа лайық. Сізді бір жерде ұстап тұратын және алға қарай жылжуға мүмкіндік бермейтін барлық қиындықтарды иығыңыздан түсіріңіз.
Егер сыртқы көрінісіңізді өзгерткіңіз келсе, қорықпаңыз. Бұл кезең осындай өзгерістерге өте қолайлы. Егер қиындықтар туындаса, ішкі дауысыңызды тыңдап, түйсігіңізге сенім артыңыз. Дегенмен, бұл айда үйдегі және тұрмыстағы қиындықтар сізге кедергі болмайды.
Мінезіңіз бен мақсатқа жетуге деген ұмтылыстың арқасында, сенімді түрде алға қарай қадам баса аласыз. Алайда айналаңыздағы жандарға да назар аудару керектігін ұмытпаңыз. Серігіңізге бұрыннан бетер тартымды көрінуіңіз мүмкін. Араларыңызда туындаған үлкен сезімдерден рахат алыңыз.
Бірақ, бұл ай іскерлік және мансаптық мәселелерге өте қолайлы емес. Көптен бері күтіп жүрген қосымша табысқа да әлі қол жеткізе алмауыңыз мүмкін. Егер қандай да бір жұмыс мәселесі шұғыл шешімдерді талап етсе, онда оның артықшылығы мен кемшілігін мұқият өлшеп алыңыз.
Шаян
Маусым айы артқа қарап, өткенге көз жүгіртіп, ойлануға қолайлы уақыт. Бірақ қорытынды жасаймын деп, ұзақ отырып қалмаңыз. Шамадан тыс аналитикалық жұмыс сізді апатияға ұшыратады.
Жаздың алғашқы айында саяхатқа немесе қала сыртына демалысқа шығыңыз. Табиғат оптимистік көңіл-күйді қалпына келтіруге көмектеседі. Егер мұндай мүмкіндік болмаса, онда сізге хобби немесе өзіңізге күш беретін отбасыңыз көмектеседі.
Айдың екінші жартысында кейінге қалдырылған барлық істерді еске түсірген жөн. Өміріңіздегі маңызды өзгерістер сізге үлкен қуаныш сыйлайтын болады. Жоспарларды іске асыру барысында өзіңізге көмегі тиетін таныстарды кездестіресіз. Мойныңызға ауыр міндет қойылды деп қорықпаңыз, тек істі ойланбай бастап кетсеңіз, шешімі өзі-ақ табылады.
Сондай-ақ, жеке өміріңізде тұрақсыздық болуы мүмкін. Сіз бұны байқамауыңыз мүмкін емес. Өйткені, сізге бәрі құрдымға кеткендей көрінетіндей болады. Егер маңызды шешім қабылдауға тура келсе, асықпаңыз. Шешімді ойланып қабылдаңыз.
Маусым айында қаржы саласы да көп жаңалық әкелмейді. Дегенмен, жеңіл ақша тауып қалуыңыз мүмкін, бірақ оны сақтап, жинап қойғаныңыз жөн. Бірақ айдың аяғында өз жобаңызды жүзеге асыруды ойланыңыз. Себебі, олардың көбісі табысқа жетелейді.
Арыстан
Арыстан өзіне әсер етпейтін нәрселермен келісуі керек. Өмірге басқа қырынан қарап көріңіз, сонда бәрінің сіздің бақылауыңызда емес екенін түсініңіз. Осы заттарға деген көзқарасыңызды өзгерте отырып, сіз көп алаңдаушылық тудыратын көптеген мәселелерден құтыласыз.
Сондай-ақ, өмірлік ұстанымыңызды қайта қарап шықсаңыз, алдыңыздан махаббат пен сәттілік бар жаңа есік ашылады.
Бұл айда ең маңызды нәрсеге назар аударыңыз, сонда табысқа жетесіз. Қиындық туындаса, достарыңыз бен серіктестеріңізден көмек сұрауға қорықпаңыз. Сіздің өмірлік қуатыңыз бен шығармашылық ойлауыңыз кез келген мәселені шешеді. Дегенмен, шешім қабылдайтын кезде өз жүрегіңізге сеніңіз. Бірақ, жақсылап ойланыңыз, қажет болса жақындарыңыздан ақыл сұраңыз. Егер, өміріңізді жаңа парақтан бастауды ойлап жүрсеңіз, онда бұл кезең оны жүзеге асыруға қолайлы болады.
Бірақ, жаңа қатынас құру үшін маусым айы жайсыз болмақ. Керісінше, ескі байланыстарды үзгеніңіз дұрыс болады. Өткен өміріңіздің бір бөлігін жіберуге қорықпаңыз, себебі ол сізге жаңа жол ашады.
Бикеш
Ал, бикештер тұрмыстық мәселелермен бас қатыратын болады. Дегенмен, кез-келген жағдайдың жағымды жақтары да болатынын ұмытпаңыз.
Енді, сізге таңдау кезінде өз позицияңызды қорғаудың қажеті болмайды. Бұл жолы шешім толығымен сізге байланысты болады. Тұрмыстық мәселелерді шешуде ақшаны ойланбай жұмсасаңыз болады. Бұл сіздің қаржылық жағдайыңызға әсер етпейді. Ал жұмыс нәтижесі көптеген жағымды эмоциялар сыйлайды.
Күнделікті шаруа сіздің көңіл-күйіңізге әсер етуі мүмкін, бірақ осыған бола айналаңыздағы адамдармен ренжісуге болмайды. Дегенмен, жаттығулар жасау немесе демалу арқылы аздап тыныштануға болады.
Күшіңізді бекерге жұмсамаңыз. Аса маңызды емес мәселелерді неғұрлым қолайлы кезеңге қалдырған жөн. Егер шамаңыз келмейтіндей көрінсе, онда әрқашан достарыңыздың көмегіне сүйене отырып, жағдайды жақсарта аласыз.
Отбасылық қарым-қатынастан өзіңізді ұмытып кетуіңіз де мүмкін. Айдың алғашқы күндерінде отбасы мүшелері өз проблемаларымен басы қатып жүруі ықтимал. Сондықтан, оларға назар аудармады деп ренжімеңіз.
Не болса да, оқиғалардың өз ізімен жүзуіне мүмкіндік беріңіз. Жағдайды бақылап отырсаңыз, өмірдің өзі әр нәрсені өз орнына қалай қоятынын көресіз.
Таразы
Маусым айында таразылар өткен өмірінен алыстай алмайды. Өткен күндерді ойлап, мұңға батуыңыз мүмкін. Егер, ескі қарым-қатынасты қалай қайтару туралы ойлайтын болсаңыз, онда мұқият ойланғаныңыз жөн. Соңғы рет өзіңізге не болғанын еске түсіріңіз.
Дегенмен, мазаңызды алған ойлардан арылуға демалыс көмектеседі. Қандай демалыс болсын, әйтеуір үйден шығуға тырысыңыз. Демалыс кезінде жаныңызға тыныштық сыйлайтын адаммен кездесіп қалуыңыз мүмкін.
Жұмыстағы барлық істі аяқтауға асықпаңыз және әріптестеріңізге құрмет көрсетуді ұмытпаңыз. Сондай-ақ, басшылыққа қарсы шығып, сөзге келгеннен еш пайда жоқ. Себебі, өз мүддеңізді қорғай алмай, басқалармен қарым-қатынасты құртып аласыз.
Маусым айында сондай-ақ, денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Ал, қаржы саласында аса өзгеріс болмайды. Ұсақ-түйекке назар аудармасаңыз, қиындықтардан аулақ боласыз. Айдың аяғында жоспарсыз шығындар болуы мүмкін.
Саршаян
Саршаяндар айдың басында кейбір қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бірақ, қолайсыздықтарға қарамастан, еңсеңізді түсірмеңіз. Соқыр тәуекелдер мен қауіпті шараларды кейінге қалдырғаныңыз дұрыс.
Бұл кезеңде іскерлік белсенділік танытудың қажеті жоқ. Бәрі уақытымен болады, тек сәл шыдамдылық таныта білу керек. Бойыңызға жиналған күш-жігерді қажетті уақытта жұмсайтын күн де туады. Ал, ымыраға келуді білгеннің арқасында көптеген қиындықтардан құтыласыз.
Жаңа маусымның келуімен сыртқы келбетіңізді немесе өміріңізді өзгерткіңіз келеді. Маусым айында ондай өзгерістер қолайлы. Сондай-ақ, бұл айда барлық мәселелеріңізді шешетін адамдармен танысуыңыз мүмкін.
Айдың соңына дейін шешімі табылмаған мәселе қалмайды. Саршаяндар үшін ішкі түйсік ең мықты қырларының бірі болды. Міне, бұл жолы да ішкі түйсігіңізге сүйенсеңіз, өз махаббатыңызды кездестіруіңіз мүмкін.
Мерген
Маусым айында мергендер жұмысбасты болады. Сізді шексіз кездесулер, жауаптар мен есептер күтіп тұр. Өз міндеттеріңізден бөлек, демалыста жүрген әріптестеріңіздің де жұмысы сіздің иығыңызға жүктеледі. Сондықтан шыдамдылық танытып, жаман әдеттерден аулақ жүріңіз.
Жалғызбасты мергендер екінші жартысын белсенді іздейтін болады. Және айдың аяғында көптен күткен адаммен кездесуі мүмкін. Осы кездесудің арқасында сіз өзіңізді бағалайтын боласыз. Ал, мәселелерді артық күш жұмсамай-ақ шешіп, жұмыстағы міндеттерді қиындықсыз атқаратын боласыз.
Айдың бірінші жартысында бұрынғы қарым-қатынастарды романтикалық оқиғалармен жаңғыртуға болады. Жаңа қарым-қатынас бастасаңыз да қолайлы. Өйткені, бұл өмірлік махаббат болады. Ең бастысы – таңдауға жауапты қараңыз. Ал, айдың екінші жартысында бұрынғы қателіктерді түзете аласыз.
Бірақ, бұл айда адамдарға қысым көрсетпегеніңіз жөн. Себебі, маусым айының ортасында отбасылық жанжалдар болуы ықтимал.
Тауешкі
Бұл белгінің өкілдеріне маусымның бірінші жартысында алаңдауға еш себеп жоқ. Олар үшін бұл ай мүлдем тыныш өтеді. Үйдегі барлық қиындық оңай шешімін тауып, жұмыс кезінде орын алған қақтығыстар ушықпай жатып шешіледі. Мамыр айында сізді сәттілік, оң көзқарас пен сенімділік жетелейтін болады.
Айдың екінші жартысында айтарлықтай белсенді болу керек. Ал, оның көрінісі өмірдің барлық салаларында қажет болады. Бірақ атқарылған жұмыстар толығымен марапатталады. Жұмыста жақсы табыс күтіп тұр. Дегенмен, бұл белгінің өкілдері екінші жартысын іздеуге асықпайды.
Мамыр айында қонаққа жиі барып, уақытты жақсы өткізесіз. Сөйтіп, жақын адамдардың ортасында шынымен де демалып қаласыз.
Маусымның екінші жартысы қаржы жағынан да тиімді болады. Белсенділігіңіздің арқасында табысыңыз өседі. Жаңа іскер серіктестер пайда болады.
Суқұйғыш
Суқұйғыштардың денсаулығында болатын проблемалар күрделі қиындықтар тудырады. Бұған қоса, дереу шешімдерді талап ететін көптеген қиындықтар орын алады. Ал, басшылық иығыңызға көп жұмыс артып, отбасылық жанжалдар әдеттегі көрініс болып көрінеді. Қысқаша айтқанда, маусым айы суқұйғыштың төзімін тексереді.
Арты-артынан болған осындай қиындықтар кез-келген адамды күйзеліске ұшырата алады. Бірақ, бұл айда жағымды сәттер де көп болады. Осы айда болады деген оқиғалардың бәрі жұмысыңыздың нәтижесіне әсер етпейді. Соның арқасында еңбегіңіз бағаланып, марапатқа ие боласыз. Ал, бұл жағдайды біршама жеңілдетуге көмектеседі.
Балықтар
Жақсы және ұзақ демалыстан ләззат алатын балықтарға маусым айында демалыссыз жүруге тура келеді. Жаздың бірінші айы сіздің өміріңіздің барлық саласына әсер ететін көптеген мәселені тудырады.
Маусым айы бірқатар сәтсіздіктер мен күйзеліске толы ай болмақ. Бірақ, өмір жалғасуда, ал сізге қиындықтардан құтылып, демалған жөн.
Туындаған қиындықтарды жеңе біліңіз. Себебі, еңсеңізді көтермесеңіз мәселе шешімін таппайды. Мансабыңыз да әзірге көтерілмейді. Ал, әріптестер арасындағы түсініспеушілік қарым-қатынаста келіспеушілік туғызады.
Міне, осындай қиындықтардан туындаған күйзелістің салдарынан созылмалы ауруға шалдығуыңыз мүмкін. Осы себепті, дәрігерге баруды ұмытпаңыз және аурудың алғашқы белгілері болса, бірден ауруханаға барыңыз.
Жаздың алғашқы айында жақын адамдарыңызға қамқорлық жасағаныңыз жақсы. Ата-анаңыз немесе қарт туыстарыңыз сіздің күтпеген сапарыңызға қатты қуанып қалады.