Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр 1 маусымнан медбикелер қанша жалақы алатынын айтты

Министр 1 маусымнан медбикелер қанша жалақы алатынын айтты

1 маусымнан бастап 225 мың медицина қызметкерінің жалақысы көтеріледі.

Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.


«Бюджет саласының төмен жалақы алатын барлық қызметкерлерінің айлығы көтеріледі. Денсаулық сақтау жүйесінде олар: медбикелер, өзге де төмен жалақы алатын қызметкерлер, санитарлар, бірінші кезекте жұмысшылар және басқалар. Еңбек өтілі ескерілгенде оларға қанша жалақы аударылатын көреміз және оған 30 пайыздық үстемеақы қосылады», - деді ол.

Осы орайда министр нақты мысал да келтіріп өтті.

«Мәселен, егер санитар 50 мың теңге алатын болса, жалақысы көтерілгеннен кейін қолына шамамен 65 мың теңге түседі. Егер медбикенің орташа жалақысы шамамен 75 мың теңге болса, онда ол шамамен 99-100 мың теңге алады. Бұған қоса, ақылы қызметтер көрсету мүмкіндігі шектелген салалардағы медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін бұл санаттағы дәрігерлердің де жалақысын көтереміз. Олар: емхана, жедел жәрдем, ана мен бала, туберкулез, онкология дәрігерлері», - деді Е.Біртанов.

Жалпы оның дерегінше, 1 маусымнан бастап медицина саласында жұмыс істейтін 225 мың адамның жалақысы 30 пайызға артатын болады.
www.ktk.kz

30 мамыр 2019 ж. 1 956 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 149

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 204

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 175

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 153

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930