Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бастапқы баға 24 млн теңге: nur-sultan.kz домені сатылымға қойылды

Бастапқы баға 24 млн теңге: nur-sultan.kz домені сатылымға қойылды

Астананың Нұр-Сұлтан болып қайта өзгертілгеніне бір апта болмай жатып Nur-Sultan.kz деген атаудағы домен сатылымға қойыла бастады. Бұл атау ресейлік қор биржасы мен telderi.ru домендер сайтында жарияланды.

Хабарлама авторы домен Қазақстан астанасының жаңа атауын дәлме-дәл қайталайды дейді. Ол Қазақстан астанасының 2019 жылдың 20 наурызынан Нұр-Сұлтан болып қайта өзгертілгенін еске сала кетіп, nur-sultan.kz доменін сататынын хабарлады.

Оның айтуынша, лоттың бастапқы бағасы төрт миллион екі жүз мың рубль яғни, 24 миллион 696 мың теңгеден басталады.

«Құрметті әлеуетті сатып алушылар. Бастапқы бағасы 4 200 000 рубль. Ал 12,480,000 рубль ұсынылса домен сол сәтте сатылатын болады. Бірақ, сіз мысалы 5 000 000 рубль ұсына аласыз. Ал егер ешкім бұл соманы ұсынбаса, сіз осы доменді 5 000 000 рубльге сатып алсаңыз болады»,-деп жазды хабарлама авторы.
24 наурыз 2019 ж. 1 338 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930