Қызылордада «алтын балығы» бар отбасы тұрады
Қызылорда қаласында тұратын Бахмановтар отбасы жеке адамдар арасында сирек кездесетін аквариумда балық өсірумен айналысады. Қазір олардың аквариумында су жәндігінің «алтын балық» деп аталатын түрі де бар. ҚазАқпарат тілшісі әкелі-балалы Насреддин және Жандос Бахмановтардың әуес ісіне зер салды.Бұл істі әуелі Жандос қолға алған екен. Алғашқыда оған қызығушылық білдірген ол беріде сол іспен өзі айналысуды құп көрген. Оның негізі мамандығы - инженер-бағдарламалаушы.












