Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда алғаш жүрегін ауыстырған адам кім?

Қазақстанда алғаш жүрегін ауыстырған адам кім?

Күн сайын орташа есеппен 400 қазақстандық дәрігерлер көмегіне жүгініп, сырқаттанып қалған 8 мың адам ауруханаға жатқызылады. Бұл туралы Астанада өткен «Денсаулық сақтаудағы инновациялар» халықаралық ғылыми - практикалық форумында айтылды.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, елімізде күн сайын мыңнан астам әйел ана атанады. Хирургтар бір тәулікте 2 мың науқасқа ота жасаса, жедел жәрдем қызметі күніне 20 мың адамның үйіне шақырту бойынша барады.

«Бұл сандардың артында медицина қызметкерлерінің орасан зор еңбегі мен ажалдан арашаланған мыңдаған өмір тұр. Қазақстанда балалар онкологиясы қызметі де қарқынды дамып келеді. 2012 жылдан бері 98 сүйек кемігін трансплантацияладық. Жақын арада сүйек кемігін трансплантациялау үшін балаларды шетелге жібермей қоюға болатын жағдайға жетеміз», - дейді ол.

Отандық медицинаның қарқынды дамуының тағы бір көрінісі ретінде Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықты айтуға болады. Бұл жерде жүрек ауыстыру отасы жасалады.

«Осыдан бес жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет жүрек трансплантациясы жасалды. Адамның дене мүшесін ауыстыру – саламатты өмір салтына оралуға зор мүмкіндік. Қазақстанда жүрегін ауыстырған бірінші адам – Жәнібек Оспанов. Ол ота жасалғаннан кейін әке болғанын айта кету керек. 29 маусымда Жәнібек бастаған қазақстандық команда дене мүшелері трансплантацияланғандар арасында өткен бүкіләлемдік спорттық жарысқа қатысып, алтын медаль иеленіп келді. Бұл Қазақстан үшін де, еліміздегі медицина саласы үшін де үлкен жетістік», - дейді Елжан Біртанов.

Соңғы үш жылда Қазақстанда ЭКО арқылы 14 000 сәби өмірге келгені айтылды.



05 желтоқсан 2018 ж. 1 619 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 138

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 105

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 114

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031