Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Монополистерді тексеру нәтижесінің жаға ұстатарлық деректері жарияланды

Монополистерді тексеру нәтижесінің жаға ұстатарлық деректері жарияланды

ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаров табиғи монополиялар субъектілері жұмысына жүргізілген ауқымды тексерудің нәтижесін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Монополистердің ресми есеп-қисабы бойынша өндірістік көрсеткіштерді жақсарту бойынша шығындарға 1 трлн теңге алынған. Бірақ, іс жүзінде құрал-жабдықтардың тозуы жоғары деңгейде қалып отыр. Түрлі бағалауға сәйкес ел бойынша тозу деңгейі 63 тен 54 пайызға дейін құрайды. Осы уақытта Алматы ЖЭС-інің тозуы 70 пайызға дейін, Қапшағай мен Екібастұз ЖЭС-інің тозуы 79 пайызға дейін жетіп отыр», - деді ол бүгін ҚР Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
Оның айтуынша, 2016 жылы «инвестицияның орнына тариф» бағдарламасы аяқталғаннан кейін тарифтің күтілген төмендеуі орын алған жоқ.
«Өндірушілер қазақстандықтарға энергияны қосарланған ставкамен, яғни, бұрынғы жоғары тарифпен жеткізуін жалғастыра берді. Олардың тек 15 ғана тексеру артық кірістің 51,5 млрд теңгеден асып жығылғанын анықтады. Энергия қуаты бойынша мүлдем әртүрлі компаниялар үшін бірдей шекті тариф заңсыз бекітілген. Өзіндік құны төмен энергия өндіретін кәсіпорындар  шығын жоғары өндірушілер тобымен заңсыз біріккен», - деді Қайрат Қожамжаров.
Оның айтуынша, еліміздің Энергетика министрлігі энергия өндіретін кәсіпорындарды жаңғырту бағдарламасының тиімділігін бағаламаған, мониторинг жүргізбеген. Монополистер ұсынған есеп-қисаптың дұрыстығын тексермеген.
«Жоғарылатылған тарифті бекіту туралы шешім халықтың мүддесіне шығын келтіре отыра олардың шығыстарының қысқарғандығын ескерместен қабылданған. Сондықтан біз  Энергетика министрлігінің заңсыз бұйрықтарына наразылық енгіздік. Қазір олар қаралу сатысында», - деді Бас прокурор.
08 қараша 2018 ж. 949 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031