Үздіктер сынға түсетін бәйге
Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының II кезеңі басталды. Байқауда бағын сынағысы келетіндер 15 қазанға дейін өз өтініштерін http://100esim.el.kz/kz порталына жүктей алады. Үміткерлерді сарапшылар тобы сараптап, іріктейді.
Аталмыш жобаның мақсаты – табысты, бәсекеге қабілетті болу, прагматизм мен білім культі идеяларын Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдар өмірі және кәсіби тәжірибесін үлгі ете отырып насихаттау.
Жобаға әр қоғамдық ұйым, бірлестік елге ерекше қызмет еткен және едәуір кәсіби жетістіктерге жеткен үміткерлерін ұсына алады. Сонымен бірге, үміткерлердің өзін өзі ұсынуға мүмкіндігі бар.
Үміткерлерді таңдау критерилері:
үміткердің кәмелет жасқа толған болуы (18);
қызмет саласында елдің жағымды имиджін қалыптастыруға үлес қосқан айрықша жетістіктерінің, қатысушы имиджін дамытуға ықпал ететін тұлғалық қасиеттерінің болуы;
үлгі алуға лайық, жастарды патриоттық және туған жерге адалдық рухында тәрбиелеуге, еңбек культін қалыптастыруға ықпал ететін қоғамдық-саяси және еңбек қызметінің болуы;
қазіргі Қазақстанның дамуына қосқан нақты үлесінің болуы;
қазіргі Қазақстанның, оның табыстары мен түрлі саладағы жетістіктерінің жарқын үлгісі бола алатын тұлға болуы шарт.
Биыл жобаның жұмыс тобы жастарға ерекше ден қойып жатыр. Бұл жоба өз ортасының көшбасшысына айналған, озық ойымен, білімімен дараланатын азаматтардың көпшілікке танылуына мол мүмкіндіктер жасайды. Ал жастар өз замандастарының жетістігінен, болмаса да үлгі алып, ұқсап бағары анық.
Аталған жобаға аудан әкімдіктері мен ҮЕҰ-дардың белсене атсалысуы қажет екенін тағы бір назарларыңызға саламыз.

Облыстық «Рухани жаңғыру» орталығы