Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Денис Теннің өлімі: Тергеу аяқталуға жақын

Денис Теннің өлімі: Тергеу аяқталуға жақын

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет үйіндегі баспасөз орталығында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталуға жақын екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Қазір қылмыстық істі аяқтау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Негізінде барлық квалификация анықталды. Қазір танысу және қылмыстық іспен танысу және аяқтау процедуралары жүргізілуде», - деп мәлімдеді Қасымов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Еске сала кетсек, 19 шілдеде Алматыда қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері, Азия ойындарының чемпионы Денис Тен пышақ жарақатынан ауруханада қаза тапты. Спортшы қала орталығында көлігінің жанында әлдекімдер салған пышақ жарақатынан ауруханаға жеткізілген соң қайтыс болды.
Денис Теннің қазасына күдікті ретінде 23 жастағы Арман Құдайбергенов пен 1994 жылы туған Нұралы Қиясов ұсталды. Бұған қоса, тағы бір күдіктіге қылмысты жасырды деген айып тағылды.

25 қыркүйек 2018 ж. 1 112 0

Көкем қайта келе ме?

20 тамыз 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031