Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

Бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда, 20 қыркүйекте Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың батысы мен шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Республиканың солтүстігі мен шығысының кей жерінде түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20, кей жерде екпіні 23-28 м/с, түнде және таңертең кей жерде тұман болады.
Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, шаңды дауыл тұрады.
Күндіз Алматы облысы Алакөл көлі маңында жел 17-22 м/с күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Түркістан облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Павлодар облысының кей жерінде тұман түседі.
Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

20 қыркүйек 2018 ж. 917 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 51

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 34

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 60

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 72

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031