Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада білім гранттарының заңды әрі әділ бөлінуіне арнайы мониторингтік топ бақылау жасайтын болады

Қызылордада білім гранттарының заңды әрі әділ бөлінуіне арнайы мониторингтік топ бақылау жасайтын болады

Қызылорда облысындағы колледждердегі оқуға қабылдау процесін бақылау үшін емтихан комиссияларының құрамына арнайы мониторингтік топ өкілдері енгізілді.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізетін арнайы мониторингтік топтың кезекті отырысында айтылды.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Бағдат Ізкеновтың айтуынша, арнайы мониторингтік топ өкілдері мемлекеттің тапсырысын алатын мемлекеттік және жекеменшік колледждерде оқуға қабылдау үдерісін толық қадағалайды. «Топ мүшелері білім гранттарын заңсыз иелену, оқуға заңсыз қабылдау мен емтихан қабылдауда артықшылықтар көрсету түріндегі жағдайларды анықтау бағытында қоғамдық бақылау жүргізетін болады», - деді ол.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 29 мемлекеттік және жекеменшік колледждердің емтихан қабылдау комиссияларының құрамына облыстық, қалалық және аудандық мониторингтік топ өкілдері арнайы бұйрықпен енгізіліп, өз жұмысын бастап кетті.
Б.Әбдіқадыров
www.halyk-gazeti.kz
02 тамыз 2018 ж. 1 251 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930