Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі өзгерді

Сот ғимаратына кіріп-шығу тәртібі өзгерді

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот - кез келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес екені анық. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң сақталар қағидалар бар.
Үстіміздегі жылдың 6-сәуірінде «Қазақстан Респуликасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы жергілікті соттарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) және оның аумақтық органдарының аумағы мен ғимараттарында өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды (Қағида) бекіту туралы» Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен бұйрығы қолданысқа енді.
Қағиданы әзірлеу кезінде «Үлгілі сот» жобасын қоғамдық талқылау шеңберінде судьялардан, адвокатура және сот репортерлерінің гильдиясынан келіп түскен ұсыныстар ескерілген.
Бұл қағида келушілер, процеске қатысушылар, сот процесіне қатысатын өзге де адамдар, сондай-ақ ашық сот отырысына қатысуға ниет білдірген адамдар үшін республика сот органдарының аумағы мен ғимараттарындағы өткізу және объектішілік режимді қамтамасыз ету тәртібін регламенттейді. Осы қағидаға енгізілген жаңа ұғымдардың біріне сәйкес, сот ғимаратының көпшілік кіретін бөлігі дегеніміз - күту залдары, сот отырыстарының залдары, хат-хабарларды қабылдау және беру үй-жайлары, фронт-офистер. Ғимараттың дәл осы бөлігіне сот процесіне қатысушылар жазатын құрылғыларды, есептегіш техниканы, мобильдік құрылғыларды (интернет модульдері бар ұялы телефондар, смартфондар, планшеттер), ақпаратты машиналық тасымалдағыштарды (флеш-карталар, USB-дискілер т.с.с.), сондай-ақ деректер беруді қамтамасыз ететін және Интернет желісіне шығу мүмкіндігі бар басқа да техникалық құрылғыларды алып кіруіне болады. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері енді сот аумағы мен ғимараттарына мобильдік құрылғыларымен, бейне-, кино және фотоаппаратураларымен бірге кіру құқығына ие. Оларды БАҚ өкілдерінің пайдалану мәселесін төрағалық етуші судья ҚР ҚПК-нің 345-бабына, ҚР АПК-нің 19-бабына және ҚР ӘҚБтК-нің 21-бабына сәйкес шешеді.
Жергілікті соттардың сот приставтары тиісті үлгідегі киімдермен, темір іздегіш құралдармен, кісенмен, резенке таяқпен қамтамасыз етіледі.Ай сайын ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне атқарған жұмысы жөнінде есеп беріп отырады. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін барлық қызметтік бөлмелер және мәжіліс залы күнделікті мөрленіп отырады. Қазіргі таңда, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі басшысымен жоғарыдағы аталған нормативтік актілердің жұмыс барысында қолданылуы және бұлжытпай орындалуы қатаң бақылауға алынған.
Асхат МУСАЕВ,
Қазалы аудандық сотының аға сот приставы
31 шілде 2018 ж. 1 513 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930