Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Танымал қазақ боксшысы америкалық қызға үйленді

Танымал қазақ боксшысы америкалық қызға үйленді

АҚШ-та тұратын қазақ боксшысы әрі ең үздік полицей Димаш Ниязов бойдақтықпен қош айтысты. Димаш америкалық бойжеткенмен шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Димаш пен Джениффердің тойы АҚШ-тағы Мауи аралында өткен. “Қандай тамаша күн. Бұл күні қандай сезімде болғанымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Бір ғана айтарым, бұл менің өмірімдегі ең керемет күн. Ол менің – әлемім, менің барым. Құдайдан сол күні кереметтей ауа-райы беруін сұрадым, себебі тойға дейін үш күн бойы жаңбыр жауған еді. Дұғам қабыл болып, сол күні күннің батысын тамашаладық. Мұндайды Мауи бірнеше жылдан бері көрмеген еді. Осы күнге бізбен бірге болған жақындарым мен достарыма алғыс айтамын. Сіздерді бағалаймыз әрі жақсы көреміз”, – деп бөлісті Димаш.
Айта кетейік, Димаш америкалық сүйіктісімен бірнеше жылдан бері кездесіп жүрген. Қос ғашықтың желідегі алғашқы суреті 2013 жылы жарияланған болатын.
25 шілде 2018 ж. 1 088 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031