Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аптап ыстықта қызылордалық дәрігерлер күшейтілген кестемен жұмыс жасауда

Аптап ыстықта қызылордалық дәрігерлер күшейтілген кестемен жұмыс жасауда

Қызылордада аптап ыстықтан зардап шегушілердің саны артқан. Әсіресе, жүрек ауруы бар және қан қысымы құбылмалы тұрғындарға тіптен қиын соғуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осы орайда, Қызылорда жедел-жәрдем стансасының қызметкерлері күшейтілген кесте бойынша жұмыс жасауға көшті. Бір тәуліктің ішінде 1500-ге жуық шақыртуларға барып, науқастарға тиісті ем-дом көрсетуде.
«Күннің ыстығына қарамай базарға барған едім. Үйге келгеннен кейін басым айналып, қан қысымым көтеріліп кетті. Жедел жәрдемге хабарластық. 20 минуттың ішінде келіп, тиісті ем-дом жасады. Мынадай ауа райында сақ болған жөн» - дейді қала тұрғыны Хадиша Әлмұсаева.
«Казгидрометтің» мәліметінше, Қызылордада алдағы күндері ауа температурасы әлі де жоғарылай бермек. Қазірдің өзінде сынап бағанасы 45+ градусты көрсетуде. Осы орайда мамандар тұрғындардан сақтық шараларына көңіл бөлуді сұрайды.
«Мүмкіндігінше күн ыстықта далаға немесе алыс жолға шықпаған дұрыс. Бас айналу, құсу немесе қан қысымы құбылғанда дереу дәрігерлердің көмегіне жүгінген абзал. Бұл ретте дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі байқалмайды. Жедел-жәрдем шақыртушылардың саны күн сайын артуда», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
10 шілде 2018 ж. 1 173 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 121

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 128

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930