Қызылордада жолаушылар автобусы аударылып қалды
Қолайсыз ауа райы салдарынан апатқа ұшыраған автобустың ішінде жолаушылар болған.
«Оқыс оқиғадан зардап шеккен екі тұрғын облыстық медицина орталығына жеткізілді. Бірінің миы шайқалған болса, екінші науқас дене жарақатын алған. Зардап шеккендерге дәрігерлер тиісті ем - дом жасады. Денсаулықтарына қауіп жоқ. Азаматтар ауруханада жатып, емін жалғастырудан бас тартты. Автобустың аударылғанынан зақым алған басқа жолаушылар тіркелмеді», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Нұржамал Тұрсынбаева.
Айта кетсек, Қызылордадағы қолайсыз ауа райы тұрғындарды әбігерге салуда. Қар аралас жауған жаңбырдың салдарынан, айнала мұз айдынына айналған. Қала орталықтарында көлік кептелісі пайда болып, жолушылардың жүріп-тұруына қиындық тудыруда.
Қазіргі уақытта қала көшелеріне тұз аралас құм себіліп, тазарту жұмыстары жүргізілуде.