Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2-8 шілде аралығы — Сіз үшін сәтті күнді жіберіп алмаңыз

2-8 шілде аралығы — Сіз үшін сәтті күнді жіберіп алмаңыз

Тоқты
Көптен бері ойыңызда пісіріп жүрген идеяларыңызды жүзеге асыру бұл аптада оңайырақ. Себебі, белсенділігіңіз басым. Сізді қолшоқпар қылғысы келгендер осы күндері өзінің қатты қателескенін түсінеді. Оған себеп — байқампаздығыңыз бен табандылығыңыз болмақ. «Бәріне өзім қамқор боламын, бәрін бақылауда ұстаймын» деген ойдан арылып, өзгелердің жәрдемдесуіне мүмкіндік беріңіз. Сонда көп нәрсе жеңіл шешімін табады. Апта күндері алға жылжыған сайын, көңіл-күйіңіз де көтеріңкі бола түседі. Әсіресе, демалыс күндері аса көңілді өтеді.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Торпақ
Астрологтар бұл аптада көп уақытыңызды үйде, жақындарыңыздың жанында өткізуге кеңес береді. Достарыңыз қонаққа келіп, жағымды әсер мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Білім, саяхат турасында қандай да бір жаңалық күтіп жүрсеңіз, ол осы аптада келіп қуантатын болады. Сәрсенбіде үй маңындағы серуен не сейілге шықсаңыз, көп пайдасын тигізеді. Тұрмыстық және отбасылық шаруаларға әдетегіден көбірек уақыт пен көңіл бөліңіз.
Ең сәтті күн — дүйсенбі.
Егіздер
Апта басында қала сыртына, табиғат аясында сейіл құруға шақырту аласыз. Бас тартпаңыз, жақындармен уақытты жақсы өткізесіз. Апта бойында қаржылық жағдайыңызды еселей түсуге мүмкіндігіңіз жоғарылай береді. Алдыңыздан жаңа мүмкіндіктер көптеп ашылады. Бастысы — маңызды мақсат қойып, оған жетудің дұрыс жолдарын айқындай білсеңіз болғаны. Ірі көлемдегі сауда-саттық жасау үшін де сәтті апта. Демалыс күндері жаңа таныстық, тіпті, романтикалық кездесу күтіп тұруы ықтимал.
Ең сәтті күндер — бейсенбі мен жұма.
Шаян
Алдағы жетінің алғашқы күндерінде гардероб жаңартуды ұсынамыз. Осы күндері өзіңіз іздеп жүрген, көңіліңізден толық шығатын киім-кешектерді табу оңайға түседі. Сондай-ақ, зергерлік бұйымдар саудасын да осы аптада жүзеге асырсаңыз, сәтімен болмақ. Іскерлік өмірді алдыңғы орынға шығарып, ықпалыңызды күшейтіп, табысыңызды молайтуды ойласаңыз, осы аптадан қалмай әрекет етіңіз. Расында, ортадағы сөзіңіздің салмағын арттырып, қалтаңызды қалыңдатуға оңтайлы сәттер көбірек туады.
Ең сәтті күндер — дүйсенбі мен сенбі.
Арыстан
Бұл аптада айрықша тартымдылыққа ие болып, жарқырап жүресіз. Сұлулық салонына барып, киіну стиліңізді, шаш үлгіңізді өзгертуге ең қолайлы уақыт. Нәтижесінде сүйікті адамыңыздың, айналадағылардың сізге деген махаббаты арта түседі. Апта ортасында туристік саяхатқа шықсаңыз не уақытыңызды білім алуға жұмсасаңыз, өзіңіз үшін көп пайдалы нәрсе аласыз.
Ең сәтті күндер — сейсенбі мен бейсенбі аралығы.
Бикеш
Апта басында бұрын белгісіз болып келген біраз ақпаратқа қанық боласыз. Барлық жасырын, құпия деген нәрселерге қызығушылығыңыз арта түседі. Бұл қызығушылықты басқа арнаға бұруыңызға да болады. Айталық, эзотерикалық әдебиеттер, детективті шығармалар оқыңыз. Бұл сіз үшін өзгелердің жасырған сырына үңілуден әлдеқайда пайдалы болмақ. Жетінің екінші жартысында жоспарларыңыз күтпеген өзгертулерге ұшырайды. Мұны негативті жағынан қабылдаудың қажеті жоқ. Жай ғана ескі жоспардың орнын одан да биік жетістікке жеткізетін жаңасы алмастырады.
Ең сәтті күн —бейсенбі.
Таразы
Сіз үшін апта күтпеген тосын сыйлардан басталады. Лотерея ұтысына не басшылық тарапынан сыйақыға ие болуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, бұл уақыт аралығы сізге жеке және достық қарым-қатынаста жаңа сатылар, үйлесімділік сыйлайды. Форумдарда не әлеуметтік желідегі хат алмасулардың нәтижесінде көптеген пікірлес, ортақ көзқарас иелерін табасыз.
Ең сәтті күн — жұма.
Сарышаян
Аптаның алғашқы күндерінде мансап баспалдағында бір саты болса да жоғарылауға ұсыныс түседі. Оған жақын адамыңыздың ықпалы болуы мүмкін. Қалай дегенде де, бұл күндері мансаппен қоса, абыройыңыз да өседі. Осы жағдайды әлеуметтік және кәсіби орныңызды одан әрі нығайтуға тиімді пайдаланыңыз. Жетінің екінші жартысы саяхаттау мен білім алуға қолайлы жағдай туғызады. Бұл күндері танысқан жаңа достардан аларыңыз бен үйренеріңіз көп.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Мерген
Апта басында өзге елдер мәдениетімен танысу мақсатында туристік сапарға шықсаңыз дұрыс болады. Жаңа білім мен жақсы әсердің мол қорына ие болып қайтасыз. Шығармашылық қабілеттеріңізді жетілдіру жолында еңбектену үшін де қолайлы күндер. Сондай-ақ, осы күндерде қол қойған іскерлік келісімшарттар тасыңызды өрге домалатады.
Ең сәтті күн— сәрсенбі.
Тауешкі
Әріптестеріңіз сізді бағалайды әрі сөзіңізге құлақ асады. Себебі, бұл аптада жаңаша әрі жақсы идеялар сіздің тарапыңыздан көптеп туындайды. Қызмет арнасына жұмсаған бар күш-қуатыңыз өзіңізді тұлғалық жетілдіруге әсер ететін болады. Апта соңына қарай мамандық, кәсібіңіз бойынша қосымша ізденіс, жаңа білім игеру жолында жұмыс жасаңыз.
Ең сәтті күн — сәрсенбі.
Суқұйғыш
Отбасылы Суқұйғыштар үшін аптаның алғашқы жартысы махаббат пен үйлесім атмосферасында өтеді. Әлі отбасын құрмағандарды жаңа таныстықтар мен романтикалық қарым-қатынас күтіп тұр. Жолда жан-жағыңызға мұқият болыңыз, «тағдырдың тартуы» ұшырасуы бек мүмкін. Әсіресе, қоғамдық көлікте жолығу мүмкіндігі жоғары.
Ең сәтті күн — сейсенбі.
Балықтар
Үй жануарын асырауды көптен көздеп жүрген болсаңыз, апта басында зоодүкенге қарай асығыңыз. Осы күндері жан-жануар таңдаудан қателеспейсіз. Оның үстіне, біреуге қамқорлық жасауға деген ниетіңіз де басқа кезге қарағанда белсендірек.
Ең сәтті күн — бейсенбі.
03 шілде 2018 ж. 1 197 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031