Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Адалдықтан алыстаған алысқа бармайды

Адалдықтан алыстаған алысқа бармайды

Ақын Міржақып Дулатұлы атамыз айтқандай «Оян, қазақ», «Ойлан, қазақ», – деп мына қоғамда болып жатқан кейбір көз қысты, бармақ басты әрекеттерді болдырмау Қазақстан Республикасының әрбір азаматының мойнындағы міндеті және борышы.Жүрегі қазақ деп соққан әр азамат, өз елінің даму жолына қосқан кішкене үлесіол – жемқорлыққа жол бермеу.
Әрбір азамат өз пайдасы үшін пара бермесе, пара алмаса, Қазақ елінің дамып, өркендеп бәсекеге қабілетті, мықты мемлекет болатынына сенемін. «Адам бол, Адал бол» деген қағидамен әр азамат еңбек етіп, адал жолмен жүрсе ғана,еліміззайырлы мемлекеттердің қатарына қосылатынына сөзсіз.
Елі сенген,ел үмітін ақтаған азаматтар жоқ емес. Ел үмітін ақтайтын азаматтарымыз көп болып, қазақ көшін алға сүйрейтін, мәрт жігіттеріміз бен қара көз қарындастарымыздың қатары толықса деймін. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан Жұмабаев, мына біздерге үлкен сенім артқан, сол сенімін ақтауға өскелең ұрпақ адал еңбекпен жұмыс жасаса ғана, Мағжан атамыздың сенімі ақталар еді.
А. ШАЛБОЛОВА,
Ғ.Мұратбаев ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушы
09 желтоқсан 2023 ж. 121 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031