Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақта жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Аймақта жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Kyzylorda-news.kz. Аймақта облыстық полиция департаменті жол қауіпсіздігін сақтау үшін тұрақты түрде жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізген. Бұған қоса, патрульдік мобилді кешендермен елді мекендерге рейдтік іс-шаралар ұйымдастыруда. Толығырақ Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Шамшидин Амитов  хабарлады.
Жолда жүру ережесін бұзудың 204 981 дерегі анықталса, оның 112 625-і жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар. Темір көлікті тізгіндейтіндердің басым бөлігінің қателігі - жылдамдықты асыру. 2023 жылдың желтоқсан айында 10 дана «Ekin Patrol G2» мобильдік құрылғылар алынып, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментімен қызметтік автокөліктің айналасын және салонын онлайн режимде 4 камерамен бақылайтын, GPS-пен жабдықталған, 21 дана «VUEWO» бейнебақылау жүйелері қызметтік автокөліктерге орнатылды. Облыс аумағында құқық бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын 20 «АРКАН», 5 «Интегра КДД», 1 «Мираж», 3 «Зерек» құрылғылары мобильді кешені жұмыс істеуде. Соның арқасында 20 дана «Аркан» құрылғысымен 22058, 10 дана «Екин Патруль» мобильді кешенімен 41652 және 3 дана «Зерек» құрылғысымен 3844 құқық бұзушылық анықталды, - деді Шамшидин Егенбердіұлы.
10 қаңтар 2024 ж. 260 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930