Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өткенге көз тастау - істі өміршең етеді

Өткенге көз тастау - істі өміршең етеді


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында сапалы білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы екенін, сол себепті білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру уақыт күттірмейтін мәселе екенін атап өткен еді.

Бұдан кейін Оқу-ағарту министрлігі мен облыс әкімдігі дамудың даңғыл жолына түскен білім саласының материалдық-техникалық базасын одан әрі нығайтуға күш салып келеді. Балалар игілігіне жаңа ғимараттар соғылып, апатты, үш ауысымды, оқушы орны тапшылығы бар мектептердің мәселесін шешу бойынша бірқатар жобалар қолға алынды.

Қазалы ауданында биыл Қ. Күлетов атындағы №92 мектепке «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Еңселі білім ордасының шәкірттері жаңа оқу жылын ажары артқан нысанда бастады.

Ауданда оқушы орны тапшылығы жоқ деуге толық негіз бар. Дегенмен мәселе орын алмас үшін және тұрғылықты жерден алыс орналасқан мектептерге баратын балалардың қауіпсіздігі үшін аудан орталығында 250 орындық білім ордасы бой көтерді. Нысан жақын арада пайдалануға беріледі.

Сонымен бірге, биыл «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 300 оқушыға арналған 1 мектептің құрылысы басталды. Келер жылы қала мен кент арасынан 600 орындық тағы бір мектептің құрылысы басталатынын қуана хабарлаймыз.

Білім беруді модификациялау мақсатында мектептерде жабдықталған пән кабинеттерін арттыру жалғасуда. Қазіргі таңда олардың 94,7%-ы жаңа модификациялық кабинеттермен жабдықталған.

2023 жылы аудан мектептеріндегі 7 кабинетті жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі күні 4 мектеп заман үлгісіне сай 3 химия, 3 физика және 1 биология кабинетімен жасақталды.


19 желтоқсан 2023 ж. 193 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031