Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенатта инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Сенатта инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Сенатта Инклюзия жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Отырысқа қатысушылар кездесу барысында төрағаны таңдады және алдағы жұмыс жоспарын талқыға салды.

Инклюзия жөніндегі кеңес Сенат жанынан құрылған болатын. Бұл туралы палата Төрағасы Мәулен Әшімбаев осы жылдың қыркүйек айында өткен «Мүгедектігі бар адамдардың өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысында айтқан болатын. Кеңес мүшелері мүгедек адамдардың өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстар мен оларды іске асыру жолдарын әзірлеуі тиіс.

Отырыс барысында қатысушылар Кеңес төрағасы ретінде сенатор Ләззат Қалтаеваны таңдады. Депутат әріптестеріне алғысын білдіріп, Кеңес жұмысының негізгі бағыттарын атап өтті.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын шешу мәселелеріне ерекше назар аударып келеді. Бұл олардың өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін заңнамалық және институционалдық базаны жетілдіруге де қатысты. Парламент Сенатында палата Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың қолдауымен осы сала бойынша жүйелі түрде жұмыстар жүзеге асып отыр. Кеңес мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми және басқа да ұйымдардың ынтымақтастығына арналған алаң болып табылады, олардың мақсаты – мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау, олар үшін тең мүмкіндіктер жасау және өмірдің барлық салаларына қатысуға қол жеткізуді қамтамасыз ету», – деп атап өтті Ләззат Қалтаева.

Кездесуге сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрлерінің орынбасарлары, сондай-ақ сарапшылар мен мүдделі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
31 қазан 2023 ж. 291 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 142

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 153

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 165

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 152

Жылан жылындағы жақсы істер

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Жылқы жылынан не күтеміз?

31 желтоқсан 2025 ж. 152

365 күндегі 100-ші басылым

31 желтоқсан 2025 ж. 129

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031