Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру қолға алынбақ

Елімізде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру қолға алынбақ

Қазақстандық оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттырмақ. Бұл жаңашылдық туралы үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеу: Қазақстандық балалардың Қытай, Мексика, Сауд Арабиясындағы құрдастарына қарағанда әлеуеті жоғарыХалықтың қарыздануымен күресуді қолға алған министрдің сөзінше, қазақстандық мектептерде қаржылық сауаттылық сабақтары пайда болады.

“Бүгінгі таңда ЖОО студенттеріне қаржылай сауат курстарын енгізу пысықталды. Оқушыларға арнайы курс әзірленіп жатыр. Ол үшін тиісті әдістемелер мен оқу құралдары әзірленеді”, – деді Жамаубаев.
Осы бағыт аясында 750 мың оқушы мен студентті оқыту жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер "Ауыл аманаты" бағдарламасы бойынша қаржы алу үшін консультациялар беруі тиіс. Жамаубаев халықтың қарыздық жүктемесін азайту банктер мен микроқаржы ұйымдарының пруденциалдық реттеуін қайта қарауды талап ететінін атап өтті.

Басқарма тарапынан заңнамалық түзетулер әзірленуде. Түзетулер блогы мына бағыттарға арналған:
- халықтың қарыздық жүктемесін азайту және қарыздық жүктеменің өсуін шектеу;
- алаяқтықпен күресу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау;
- банк омбудсменінің қызметін күшейту.
Сондай-ақ кепілсіз онлайн несиелеу сегментіндегі борыштық тәуекелдерді төмендету мәселелері де қарастырылуда екені айтылды.
Айта кетейік, елімізде халықтың 84 пайызы, яғни 8,4 миллионнан астам азамат қарызға батқан. Соңғы бір жарым жылда бұл көрсеткіш 27 пайызға артқан. 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз сомасы шамамен 1,4 трлн теңгені құрайды. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытында өтей алмайды.
31 қазан 2023 ж. 453 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 181

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031