Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арнаулы төсбелгі алды

Арнаулы төсбелгі алды

Сахи Қапардың есімі басылым беттеріндегі жазбалары арқылы оқырман қауымға жақсы таныс. Ол аудандық «Ленин туы» газетінде алғашқы еңбек жолын әдеби қызметкерліктен бастаған. Кейін үнпарақ атауы «Қазыналы Қазалы», «Тұран – Қазалы» болып өзгерген жылдары бөлім меңгерушісі , редакция меңгерушісі , жауапты хатшылықты атқарған. Жеке сектордағы «Қазалы айғағы», «Атамекен – Қазалы» газетінде редактор болған. Сонымен бірге аудандық мәслихатта, аудандық білім , аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде істеп , «Қазақ тілі» қоғамы аудандық бөлімшесінің төрағалығын атқара жүріп , мемлекеттік тілдің өркендеуіне атсалысқан.
2012 жылы негізгі мамандығына қайта оралып, «Сыр медиа» ЖШС-іне қарасты «Қазалы» газетінде бас редактордың орынбасары қызметінде қажырлы еңбек етті. Жаңа толқын – жас журналистерге ақылшы-ұстаздық жасап, зейнеткерлік демалысына шықты.
Ерен еңбек – елеусіз қалмайды. Аймақ журналистикасында өзіндік орны бар қарымды қаламгер, жақында Қазақстан Республикасы «Білім – өркениеті» ұлттық иновациялық ғылыми-зерттеу орталығы жанындағы ұлттық марапаттар жөніндегі комиссиясының шешімімен қоғамға қосқан елеулі еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері»медалінің иегері, әріптесіміз Сахи Бахиұлының жеткен жетістігіне ақ ниетімізді білдіре отырып, мықты денсаулық, асқақ абырой тілейміз. Шығармашылық шабытыңыз шарықтап, талғам-таразысы жоғары көпшіліктің көңілінен шығып, құрметке бөлене беріңіз!

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
31 қазан 2023 ж. 227 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 154

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 145

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031