Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ғалымдар вегетариандық генмен берілетінін дәлелдеді

Ғалымдар вегетариандық генмен берілетінін дәлелдеді

330 мың адам геніне талдау жасағаннан кейін америкалық ғалымдар вегетариандардың не үшін өсімдік негізіндегі диетаны таңдайтынын анықтады, деп хабарлайды inform.kz
Көп адамдар жануарларға деген жанашырлықтан немесе көміртегі шығарындысын азайту сияқты этикалық себептермен өсімдік негізіндегі диетаға ауысып жатыр.
Бірақ мұндай тамақтану жүйесіне деген құштарлық тұқым қуалауы мүмкін бе? Америкалық ғалымдар осы сұраққа жауап іздеп көрді.
Ғалымдардың айтуынша, өсімдік тағамдарын таңдау біздің генетикамызға негізделуі мүмкін.
Солтүстік-Батыс университетінің (АҚШ) патологиялық анатомия кафедрасының профессоры Набиль Ясин бастаған зерттеушілер тобы ауқымды биомедициналық деректер базасын талдады.
Олар 40 пен 69 жас аралығындағы 5 324 вегетариан мен вегетариан емес 329 455 адамның геномын салыстырды.
«Біз вегетариандыққа қатысы бар үш генді анықтадық. Тағы 31 ген вегетариандықпен байланысты болуы мүмкін», — деді Ясин Euronews Next арнасына.
Генетикалық нұсқалардың диетаны таңдауға әсер ету механизмдері метаболизмнің, физиологияның және дәм қабылдаудың өзара әрекетін қамтиды.
«Диеталық тағамдарды таңдау және тұтыну дәмді қабылдауға байланысты» делінген зерттеуде.
11 қазан 2023 ж. 180 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 77

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930