Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

Сейсмикалық қауіпті аймақ тұрғындары жер сілкінісіне үнемі дайын жүруі керек. Құжаттар, ақша, пауэрбанк, қосымша смартфон, үй мен көлік кілттерінің дубликаты, қалта шамы, ысқырғыш, батарейкалар салынған дабыл дорбасы оңай жерде тұруы тиіс. Ал үйде тез бұзылмайтын консервілер, су, өрт сөндіргіш болуы керек, деп хабарлайды sn.kz
Жер сілкінісі кезіндегі басты ереже – сабыр сақтаңыз, дүрбелеңге салынбаңыз.
Егер зілзала кезінде 1-2 қабатты ғимарат ішінде болсаңыз, баспалдақпен жылдам далаға шығуға тырысу керек. Алғашқы тербелістер сезілгеннен, жойқын дүмпуге дейін 15-20 секунд уақытыңыз бар.
Егер 2 қабаттан жоғары ғимаратта болсаңыз, далаға шығып үлгермеуіңіз мүмкін. Сондықтан сыртқа шығып, уақыт жоғалтпаңыз. Ішкі қабырғаға жақын тұрған үстел, төсек астына кіріп, эмбрион позасында жату керек. Басыңыз бен мойныңызды құлап жатқан қирандылардан қорғау үшін жастық немесе қалың көрпе жауып қойыңыз. Шкаф, сервант, үйдің сыртқы қабырғасынан алысырақ болған абзал. Асүйде болсаңыз, плитаны өшіріп, газды жауып қойыңыз.
Жер сілкінісі кезінде далада болсаңыз, ғимараттар, жанармай бекеттері, электр желілері, газ құбырлары, балкондардан алыстау жерге барыңыз.
Зілзала болғанда көлік ішінде отырсаңыз, ғимараттардан ары өтіп, көлікті тоқтатып, тежегішке қойыңыз.
Көліктен шықпаған жөн.
Жер сілкінісі кезінде стадион немесе театр секілді қоғамдық орында болып қалсаңыз, шығаберіске жүгірудің қажеті жоқ. Өйткені, ғимараттағылардың бәрі сол жаққа қарай барып, тапталып қалуыңыз мүмкін. Өз орныңызда қалып, орындықтардың арасына отырып, басыңыз бен мойныңызды курткаңызбен немесе рюкзагыңызбен жауып қойыңыз.
29 қыркүйек 2023 ж. 362 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 22

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 19

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 23

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031