Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқыстарды жою мәселесі қаралды

Қоқыстарды жою мәселесі қаралды

Бүгін ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін жақсарту, белгіленбеген орындарға төгілген қоқыстарды жою мәселелері қаралды.
Үкімет басшысы халыққа алғашқы медициналық санитариялық көмек көрсетудің қолжетімділігін жақсарту, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты жұмыстарды тиімді ұйымдастыру туралы айтты. Қоршаған орта тазалығын сақтау, оның ішінде белгіленбеген орындардағы қоқыстарды жою мәселесі көтерілді.
Үкімет отырысынан кейін облыс әкімдігінде арнайы мәжіліс өтіп, аталған мәселелер талқыланды.
Мәжілісте жергілікті тұрғындар қоқыстарын арнайы белгіленген жерге жеткізбей, қоршаған ортаны ластауға себепкер болғаны атап өтілді. Қала және аудан әкімдіктері де қоқыстарды жинақтау, тасымалдау инфрақұрылымын өз деңгейінде қалыптастырмаған.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қызылорда қаласы мен аудан әкімдеріне облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасымен, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау экология департаментімен бірлесіп, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін қалдық полигондарын қалпына келтіру тапсырылды.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік мүмкіндігін қарастыру, алдағы уақытта белгіленбеген қоқыс орындарын болдырмау бағытында нақты шаралар қабылдау жүктелді. Мұнан бөлек, жауапты басшыларға қоқыстарды сұрыптауды ұйымдастыру, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру, облыстағы медициналық және биологиялық қалдықтарды жою мәселесін зерттеп, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берілді.
"Қазалы "ақпарат
26 қыркүйек 2023 ж. 320 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 134

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 112

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 109

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031