Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жүргізілуде

Күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жүргізілуде

ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан бастап азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың күзгі науқаны басталды. Шақыру науқаны жыл соңына дейін жалғасады.
Азаматтарды мерзімді әскери қызметке дайындау және оларды әскерге шақыру – үздіксіз жүргізіледі.
Биыл күзде барлығы 800-ден астам азамат әскерге жіберіледі. Қарулы күштер қатарына 400, Ұлттық ұланға – 300-ге жуық, ҰҚК Шекара қызметіне 200 азамат аттанады жеп жоспарлануда, бұл туралы Қызылорда облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алңында Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығының орынбасары Жасұлан Шаңқұлов мәлімдеді.
Әскерге шақырудан жоғары немесе арнаулы оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитындар, діни қызметкерлер, педагогика мен медицина саласының қызметкерлері уақытша босатылады. Жақын туыс-тары әскери қызметті өткеру кезінде қайтыс болған немесе бірінші, екінші топтағы мүгедек болып қалғандар әскери міндетті өтемеуге құқылы. Отбасын құрып, балалы болғандар да Отан алдындағы борышын өтеуден босатылады. Аталған санаттағы азаматтар ғана әскерден босатылып, айыппұл төлемейді. Ал бұған жатпайтын, денсаулығында кінәрат жоқ, 18 жасқа толған әрбір азамат Отан алдындағы парызын орындауға міндетті, - деді Жасұлан Шаңқұлов.
22 қыркүйек 2023 ж. 198 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 182

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 168

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 161

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 172

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930