Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – жаңа толқынға қолдау

Жолдау – жаңа толқынға қолдау

Ел болашағына бейжәй қарамайтын азамат ретінде, мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары” атты жолдауын үзбей тыңдадым. Президент жолдауында еліміздің барлық ресми,бейресми тұлғаларын қамтитын түрлі салалар бойынша ұтымды ойлар, жаңа жоспарлар айтылды. Атом энергетикасын дамыту,ауыл- аймақты қатаң бақылауға алу,теңіз инфрақұрылымын дамыту сынды бірқатар ақсап тұрған мәселелерді шешу жоспары күнтізбеге енгізілді.
Мемлекет басшысы: «Су үнемдейтін технологияларды енгізу – аса маңызды және шұғыл міндет. Сондықтан тиімді тәсілдер ұсыну қажет. Дегенмен біз дәл қазіргі жағдайда жаңа тариф саясатынан да аттап өте алмаймыз. Әбден ескірген инфрақұрылым әрең жұмыс істеп тұр. Сондықтан жаңа инфрақұрылым салу – өте маңызды міндет, қазіргі нарықтың талабы».
Суды нормативтен артық жұмсағандар оның ақысын жоғары тарифпен төлеуі керек. Бір сөзбен айтсақ, суды барынша үнемдеуіміз қажет. Табиғат жанашыры ретінде жолдаудың осы бөлігін өзіме түртіп алдым. Мемлекет басшысының елге ғана емес, жерге,табиғатымызға деген жанашырлығы көңілге қуаныш ұялатады.
Дәл осы су мәселесін көтергенде Президентіміздің тарапынан су шаруашылығы жүйесін тиімді дамыту мәселесімен айналысатын Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылады деген болатын. Бұл да еліміз үшін ең маңызды шешім болды деп ойлаймын. Алдағы уақытта жаңа министрліктің аясында Ұлттық гидрогеология қызметі қайта жұмыс істейтін болады. Ендігі жердегі біздің тілегіміз - ел дамуына серпін беретін бастамалар көп болып, оны жүзеге асыратын әділ басшы, білімді жастар көп болсын деп тілейміз!
Болат ӘСЕРБАЕВ,
Ә.Тыныбаев атындағы су торабының бастығы
08 қыркүйек 2023 ж. 144 0

Бұлқынған бойда бұла күш

17 қыркүйек 2024 ж. 17

Ызғарлы түн

17 қыркүйек 2024 ж. 11

Шешімін тапқан шаруа көп

17 қыркүйек 2024 ж. 15

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30