Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді қазақстандықтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді

Енді қазақстандықтарға 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі өте өзекті мәселе болып қала береді. Үкімет жыл соңына дейін 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын қабылдауы керек. Ол жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдердің алдын алуға және болдырмауға бағытталуы керек, - деді Президент.
Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Үкімет зиянды еңбек жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қолдау тетігін әзірледі. Мәселе көптен бері талқыланып келеді және қазір шешім табылды.
Президент оның негізгі параметрлерін атап өтті.
Салалардың дамуына қосқан елеулі үлесін және денсаулыққа зиян келтіру дәрежесін ескере отырып, мұндай қызметкерлерге зейнеткерлік жасқа толғанға дейін, атап айтқанда, 55 жастан бастап арнайы әлеуметтік төлем төленеді. Парламенттен Үкіметтің ұсыныстарын жедел қарауды сұраймын. Адамдар бұл мәселені шешуді күтіп отыр, - деп айтты Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.
01 қыркүйек 2023 ж. 238 0

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 56

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 42

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 50

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031