Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев Отбасы банкі туралы: Басты назарды аудан мен ауылдарға аударған жөн

Тоқаев Отбасы банкі туралы: Басты назарды аудан мен ауылдарға аударған жөн

Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп жатыр.
"Отбасы банктің" қызметін қайта қарау керек. Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн, деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев. 
Президент "Бәйтерек" холдингінің құрылымын өзгерту маңыздылығына тоқталды. Мұнымен қатар ол компанияны цифрландыру қажет екенін атап өтті. 
"Мемлекеттік қолдау шараларын өндірістің технологиялық күрделілігіне және бизнестің нақты түріне қарай жіктеу маңызды. Оның операциялық тиімділігі жоғары болуы да өте маңызды. Сондықтан "Бәйтерек" холдингінің құрылымын өзгертіп, оны кең ауқымда цифрландырған жөн. Экспортты ұлғайтуға айрықша мән беру керек. Оның әдіс-тәсілдері болғанымен, жүйелі ұстаным жоқ. Осы орайда KazakhExport компаниясы экспортты дамытатын толыққанды институтқа айналады. Компанияға осы міндетті атқаруға қажетті құзырет берілуге тиіс", – деді мемлекет басшысы. 
Бұдан бөлек Қасым-Жомарт Тоқаев "Отбасы банктің" қызметін қайта қарау қажет екенін айтты. 
"Басты назарды облыс орталықтарына емес, аудандарға, моно-қалаларға және ауылдарға аударған жөн. Бәсекелестік дамымаса, бизнес те өркендемейді. Бұл – айдан анық. Қазір негізгі салалардың көбінде бірнеше ірі кәсіпорын басымдыққа ие болып отыр. Бұл жағдай нарықтағы шынайы ахуалды көрсете алмайды", – деді мемлекет басшысы. 
01 қыркүйек 2023 ж. 99 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 141

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031