Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуды неліктен дәл қазір бастап көруге болады

Қазақстанда кәсіпкерлікпен айналысуды неліктен дәл қазір бастап көруге болады

Адам бизнеске түрлі жолмен келуі мүмкін. Қандай кәсіп болмасын, алдымен оған қаражат керек екені сөзсіз. Қазір Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту мақсатында азаматтарға қолдау көрсетілуде. 2023 жылдан бастап жастар үшін кәсіп бастау не үшін тиімді екенін біздің материалымыздан оқыңыз.
Жастарға мүмкіндік
Биылдан бастап жастарға жеңілдетілген шарттары бар 5 млн теңгеге дейін микрокредит берілуде.
2,5 пайыздық микрокредит кәсіпкерлікке қадам басқысы келетін немесе кәсібін кеңейткісі келетін 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтарға конкурстық негізде беріледі.
Ресми мәлімет бойынша, биыл 25 тамызға дейін 5,6 мыңнан астам өтінім түсіп, 3 750 жоба мақұлданды.
2 922 жобаны іске асыруға 12,9 млрд теңгеге несиелер берілді. Қалған жобалар қаржыландырылу үстінде.
  • Микрокредит алушылардың басым көпшілігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету, сауда, өсімдік шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп салаларындағы жобаларды іске асырушылар.
  • Жалпы 2023 жылы 29 млрд теңге сомасына 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.
  • Микрокредит алуға өтінім қабылдау жалғасуда.
2,5 пайыздық микрокредит шарттары:
Микрокредит 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға өз кәсібін ашуға немесе оны кеңейтуге, 5 жылдан аспайтын мерзіммен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда беріледі. Ал мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін кредиттеу мерзімі 7 жылға дейін деп белгіленген.
Микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепілмен қамтамасыз ету микрокредит алуда міндетті шарт болып табылады. Кепіл ретінде жылжымалы (мамандандырылған техника) немесе жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ете алмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады.
Өтінім беру үшін құжаттар пакетін "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ филиалына тапсыру қажет.
2,5 пайыздық микрокредит алу үшін қандай құжаттар қажет
1. жеке басын куәландыратын құжат;
2. жоба бойынша бизнес-жоспар;
3. шоттың болуы туралы қызмет көрсететін банктен анықтама;
4. кредиттік берешектің, оның ішінде қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (кредиттері болса);
5. қатысушының/үміткердің жалақысын және (немесе) өзге де табыстарын растайтын құжат (жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірме) болған кезде;
6. кепілді қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлікті бағалау туралы есеп;
7. кепіл беруші және кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттар.
Жеке кәсіп ашудағы қадамдар
Біріншіден, жеке кәсіп ашу туралы идеяны пысықтап алған жөн. Діттеген мақсат қандай, оған сай уақыт, төзім, қаражат секілді ресуртар бар-жоғын анықтау қажет.
Келесі қадам - кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу. Оның тәртібі Қазақстан Республикасының "Кәсіпкерлік Кодексінің" 35-36 баптарында жан-жақты жазылған.
Одан кейін жеке бизнесті ашуда ең маңыздысы жүйелі бизнес-жоспар құру. Шағын кәсіпкерлікте бизнес жоспар айтарлықтай қажет емес. Алайда әр қадам бойынша жазылған жоспар болса қаржыны дұрыс бағытта жұмсауға, істегі жүйелілікке, бизнесті өрге домалатуға септігін тигізеді.
Жаңа кәсіпті бастау, оны тұрақты жүргізуге дағдылану керек. Алғашқы капитал салық, бір-екі айға шамамен кететін шығынға сәйкес артығымен болуы шарт. Олай болмағанда қарызға кіру қаупі бар.
Бастап жатқан кәсіпті жақсы көру де қажет. Шабыт пен құлшыныс арқылы жаңа идеялар, қиялдар туады.
Жеке кәсіп бастаудағы келесі маңызды нәрсе – жарнама, маркетинг. Өзінің жеке кәсібін қол алғалы отырған адамға жарнама, медиа мүмкіндіктері ауадай қажет. Жеке кәсіпкерлікте әлеуметтік желілердің көмегімен тегін жарнама жасауға болады.
Сондай-ақ мамандар кәсіпкерлікте айтарлықтай тәжірибесі жоқ адамдарға тәуекелдерді азайту үшін неғұрлым аз қаржы кететін кәсіп түрін таңдауға кеңес береді.
29 тамыз 2023 ж. 140 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 61

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 52

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930